RU
Алматыда жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Жергілікті полиция басшысы Жасұлан Бәйкенов өзінің лауазымдық қызметінен кетті. Полиция подполковнигі жұмыс орнын шығарылған баянат негізінде босатқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бәйкенов Жасұлан. Фото: time.kz

Бәйкенов Жасұлан. Фото: time.kz

Бәйкенов полициядағы қызметін 2004 жылы Алмалы ауданының бөлімше инспекторының көмекшісі ретінде бастаған.

2007 жылдан бастап ол түрлі ішкі істер басқармаларындағы қоғамдық қауіпсіздік бөлімдерін басқарды.

Қалалық ІІБ төрағасының орынбасары қызметінде болды. Оған қоса, Түрксіб ауданының ішкі істер басқармасы мен қалалық ІІД-дегі әкімшілік полиция басқармасында жұмыс істеген.

2016 жылдың қаңтарынан бастап Алматыдағы жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды. Оның міндеттеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қоғамдық жерлердегі заңбұзушылықты қадағалап және қол астындағы инспекторлар қызметін бақылау кірген.

Оған қоса, Алмалы ауданына қарасты ІІБ-ның жергілікті полиция басшысы Серік Құмарбеков та қызметінен босатылды. Бөлімшені 2017 жылдан бастап басқарған полиция капитаны жұмысында жіберген ағыттықтарының нәтижесінде басшылықтан кеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel