RU
Бағлан Әбдірайымовтің комаға түскен анасы туралы жазбасы елді жылатты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бағлан Әбдірайымовтің комаға түскен анасы туралы жазбасы елді жылатты (фото)

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов ауырып жатқан анасына жан тебірентерлік жазба арнады. Өз оқырмандарынан тілекші болуына сұраған әншінің жазбасына желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады деп жазады NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, қан қысымы бірнеше рет көретілген анасы қазіргі таңда комада жатыр. Оның жағдайына қатты алаңдаған "Жігіттер" тобының мүшесі елден анасына тілекші болуын сұрады.

"Бір апта бұрын анамның қан қысымы көтеріліп, есін жоғалтып жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілген! Есіте сала ауылға ұшқам. Анаммен жүздесіп, көңілім орнына түскен. Екі күн бұрын ауруханада тағы сол жағдай қайталанып, жансақтау бөліміне түсті.

Есін жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз! Алматы, Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салуда.

Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр! Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы. Сіздерден несін жасырайын... Неше түрлі ойға шомылып қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады! Тілекші болыңыздаршы!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
3
3
1
48
1
5
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel