Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін дуаламақ болған шымкенттік азаматтың әрекеті елді шошытты

Жарияланған күні:

Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова дуаланған адамдар мен дуа жасауға құмар жандардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Жұматова. Фото: today.kz
Бақыт Жұматова. Фото: today.kz: UGC

"Көріпкелдікпен айналысадықтан дуаны да шеше аламын. Қазір қыздар мен жігіттер дуаны ермек қылып алған. Олар интернеттегі ақпараттар арқылы дуаның әртүрін жасап жүр. Ойлаудың өзі қорқынышты. Осындайлармен көп алысып жатырмыз. Қазір қара дуамен айналысатындар көп. Оны интернетпен де жасайды", - дейді Бақыт Жұматова.

Көріпкелдің айтуынша, оңтүстік өңірі тұрғындарының арасында қауіпті дуалар жасайтындар көбейген.

"50 жас шамасындағы ер адам келді. Дуа арқылы әйелін қайтарғысы келеді екен. Ол адамға көмектесе алмайтынымды айттым. Мен біреуге зиян келетін өтініштерден бірден бас тартамын. Ол мақсатты түрде басқаға зиян келтіру. Ондайлар көбейіп барады. Әсіресе, Шымкент жақта дуаны көп пайдаланады", - дейді көріпкел.

Бақыт Жұматова дуаланған адамнан айналасындағыларға жағымсыз әсер қалдыратын иістің болатынын айтады.

"Дуаны алу да қиын. Мен ондай адамдарға 41 күннен кейін тағы хабарласыңыз деп айтамын. Себебі дуа кейде бірден кетпейді. Егер үйде бір жамандық болса иіс көпке дейін тұрады. Сол секілді дуаның да иісі болады. Дуаланған адамнан жағымсыз иіс шығып, айналасындағылар оған жеккөрінішпен қарайтын болады. Жан-жағындағылардың шеттетуі де ол адамға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Біз нан көгерсе лақтырып тастаймыз. Дуаланған адам да сондай боп бұзылып, қажетсіз болып қалады. Негізі әр аурудың иісі бар", - дейді Жұматова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746163-jelin-dualamak-bolgan-symkenttik-azamatty-reketi-eldi-sosytty/