Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәктігін сатылымға шығарған қазақ қыздары Бекболат Тілеуханды шошытты

Опубликовано:

Елімізде пәктігін сататын қыздар саны көбейіп келеді. Ғаламтордағы "пәктігімді сатамын" деген сынды хабарламалардан көз тұнады. Алайда белгілі мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бұл проблема туралы білмейтін болып шықты. Ол қыздардың пәктігін сататынын естіп, жағасын ұстады деп жазады NUR.KZ.

Пәктігін сатылымға шығарған қазақ қыздары Бекболат Тілеуханды шошытты
Фото: QazBrand.info: UGC

Бұл туралы Еуразия арнасының "Басты бағдарлама" бағдарламасында айтылды.

Бағдарламада шетел азаматтары қазақ қыздарының пәктігіне миллиондаған доллар санап беруге дайын екенін жасырмайтыны айтылды. Бұдан бөлек, пәктігін сатуға әдеттенген қыздар медицинаның көмегімен екінші рет арын қайта жасатады екен.

Мұндай ота жасататындардың саны соңғы бес жылда екі есе артып кеткен екен. Ал елімізде өткен жылы 50 мың бойжеткен гименопластика жасатыпты.

Астаналық Айнұр есімді бойжеткен жігіті алдап кеткен соң, пәктігін 20 мың долларға сатылымға шығарыпты. Жігіттерден алданып, көңілі қалған ару пәктігімді тегінге бермеймін деп отыр.

"Жігіттер бізді қолданып жатыр ғой, біз неге оларды қолданбасқа? Жігіттер кінәлі. Өйткені қызды бағаламайды. Соғып та жатады қыздарды. Таза болып келсең де, ұрсысып қалсаң қуып жіберуі мүмкін. Қуып жібергеннен кейін сен ештеңесіз қаласыз. Ақшаң да болмайды, алимент те ала алмайсың", - дейді Айнұр.

Мамандардың айтуына сенсек, қазақ қызына деген сұраныс шетелде де артып келеді екен. АҚШ-тың, Еуропаның қалталы азаматтары ол үшін бірнеше миллион доллар ақша шашуға дайын, дейді телеарна журналисі.

Елімізде пәктігін сататын қыздардың көбейіп кеткенін қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан білмейтін болып шықты.

"Астағфиралла! Астағфиралла! Құдай сақтасын! Алла сақтасын! Әркім, әр ата-ана өзінің бала-шағасына ие болмаса, әркім қара басының парасат-иманын қорымаса, мына заманда, мынадай ақпараттық ашықтықта ұлттың аяғы асппанан келеді ертең бар ғой. Быт-шытымыз шығып кетеді. Ұрпаққа жөні түзі, иманды тәрбие бермесек, осы жасалып жатқан нәрсенің бәрі адыра қалатын болады. Қорытып та үлгермейсіз. Балаңыздың тәні қасыңызда, жаны айдалада, басқа жақта болады", - деді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746193-pktigin-satylymga-sygargan-kazak-kyzdary-bekbolat-tileuhandy-sosytty/

pixel