Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Майғазиев Меруерт Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады

Опубликовано:

"МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Мерует Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады. Әнші бұл туралы өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Суреттер 9slim.com және kazakbol.com сайттарынан алынды. Коллаж: NUR.KZ
Суреттер 9slim.com және kazakbol.com сайттарынан алынды. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Әнші жазбасында Меруерт Түсіпбаевамен танысқан кездері туралы айтқан. Әріптесін туған күнімен құттықтаған ол алғашында Меруертке ғашық болғанын да жасырмады.

"Гүлдер" ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлы ағамды іздеп бардым (ізденген түрім ғой). "Гүлдердің" қара шаңырағында бірнеше өнерпазбен бірге Меруерт Түсіпбаева да отыр екен (бірінші көруім). Меруерттің "Қимай сені барамын" деп "қиратып" жүрген кезі (Жігіттер, мойындаңдаршы, бәріміз «сындық» қой. Әлі де). Содан қойшы, Меруерт "кімге келдің, не қылып жүрсіңнің" астына алды. РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып, ағымнан жарылып жатырмын. "О-о-о, қазақ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой…", – деді" , – деген әнші өз жазбасында.

Сәкен бұл сөздерден кейін біразға дейін толқып жүргенін айтты. Ол кейін өнер әлеміне келген соң Меруертке осы сөздерін айтқан да екен. Алайда эстраданың еркесі Сәкенге не айтқанын ұмытып қалыпты.

"Эстрадаға келіп, "МузАРТ" құрылған соң Меруертке "Осыдан он жыл бұрын маған баға беріп, басымды айналдырғансың" дедім. Ол: "Солай ма? Есімде жоқ", – демесі бар ма", – дейді Сәкен Майғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746208-sken-majgaziev-meruert-tsipbaevaga-gasyk-bolganyn-mojyndady/

pixel