Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында сегіз жасар бала туған əпкесін мылтықпен атып өлтірді

Опубликовано:

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Сызған ауылында сегіз жасар бала туған əпкесін абайсызда мылтықпен атып, өлтіріп қойды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында сегіз жасар бала туған əпкесін мылтықпен атып өлтірген
Көрнекі фото: Om1.ru: UGC

Ауылда тұратын әжесінің үйіне жазғы демалысқа барған апалы-інілі бөлмеде кілемде ілулі тұрған мылтықты алып, ойнамақ болған.

Мылтық оқталып тұрғанынан бейхабар балалар ересектердің көзінен таса жерге, яғни бау-бақша жаққа атыс қаруын апарып, байқаусызда сегіз жасар ұл бала 10 жастағы əпкесін атып жіберген.

Жараланған қыз бала ауруханаға жетпей жолда көз жұмды.

Айта кетерлігі, балақайдың өліміне себеп болған қару еш жерде тіркелмеген, заңсыз сақталған мылтық боп шыққан.

"Оқыс оқиға Созақ ауданында болды. Каникулда жүрген балалар Сызған ауылына әжесінің үйіне барған. Қанды оқиғаға сеп болған қару заңсыз сақталғандығы анықталды", - дейді Түркістан облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының азаматтық жəне қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы Асхат Шарафутдинов.

Осындай қайғылы жағдайларды болдырмас үшін Түркістан облыстық ІІД заңсыз қаруды ерікті түрде өткізуге мүмкіндік беретін түрлі акциялар мен арнайы операциялар ұйымдастыруда.

"Шілденің 30 мен тамыздың 2-сі аралығында Түркістан облыстық ІІД өткізген "Қару" жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде 13 қаруды ерікті түрде тапсырса, 10 заңсыз қару тəркіленіп алынды. Сəуірдің 10-ы мен мамырдың 30-ы аралығында да арнайы ұйымдастырылған акция аясында 334 заңсыз сақталған қаруды мемлекет сатып алды.

Ол үшін бюджетен 17 млн. 500 мың теңге бөлінген болатын. Заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде өткізген жағдайда əкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді", - дейді Түркістан облыстық ІІД əкімшілік полиция басқармасының азаматтық жəне қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы Асхат Шарафутдинов. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1746245-trkistan-oblysynda-segiz-zasar-bala-tugan-pkesin-myltykpen-atyp-ltirdi/

pixel