RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Храпунов бұрынғы орынбасарын "атып тастаймын" деп қорқытқан

Жарияланған күні:

Виктор Храпунов бұрынғы орынбасарын "атып тастаймын" деп қорқытқан. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Яков Заяц осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Яков Заяц, Виктор Храпунов. Коллаж NUR.KZ (Фото bnews.kz / Биткенбаева Маржан және facebook.com/leila.khrapunova)
Яков Заяц, Виктор Храпунов. Коллаж NUR.KZ (Фото bnews.kz / Биткенбаева Маржан және facebook.com/leila.khrapunova): UGC

Кезінде қала әкімінің орынбасары болған ол, қысым көрсетілгендіктен, қаладағы жер телімдерін жеке бастың иемденуі үшін кей құжаттарға қол қойғандығын айтып берді. Оның ішінде "Емен орманына" байланысты құжат та бар.

"Мен сені жоқ қыламын, алып тастаймын" деп қорқытты. Мен ол кезде денсаулығыма байланысты ота жасатып қайта келген кезім. Қысым көрсететін. Бір қызығы, кез-келген мәселеде мен қарсы боламын ба, жоқ па, аса үлкен роль ойнамайтын. Себебі соңғы қол, соңғы шешім соның атынан қабылданды емес пе? Мен амалсыз келген құжатқа қол қойып отырдым", - дейді айыпталушы Яков Заяц.

Еске салайық, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот залында 9 айыпталушы. Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны және ірі көлемді қаржы жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1746320-hrapunov-bryngy-orynbasaryn-atyp-tastajmyn-dep-korkytkan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 2

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

галакси

жер сатканша сол кезде өле салу керек еди

Comment reaction

ташуке

аямау керек мундайларды

Comment reaction
jitsu gif