Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі аудан әкімі халықпен не себептен мейрамханада кездескенін айтты (фото)

Опубликовано:

Шымкенттегі аудан әкімі халықпен не себептен мейрамханада кездесу ұйымдастырғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің facebook парақшасынан алынды
Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің facebook парақшасынан алынды: UGC

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов бұл шараны халықпен кезекті кездесу дегенге келмейді деп отыр. Айтуынша, бар болғаны Қошқар Ата аумағындағы үйлерді мемлекет меншігіне өткізу жұмысын түсіндіру ғана екен.

"Оны кездесу деп қабылдамау керек. Түсіндіру жұмыстары деген дұрыс. Халықтың сұрауы бойынша сондай орын таңдалды. Өйткені көп жағдайда қарапайым халық мұндай шаралар өтетін залға сыймай, сыртта салып қояды" деген шенеунік мейрамханада өткен басқосуға мемлекет есебінен бір тиын да қаржы бөлінбегенін алға тартты. Дастарханға кеткен шығынды белгілі бір азаматтар көтеріпті.
"Қонақтарға бешбармақ пен табақ-табақ ет тарту етіліпті деген ақпарат шындыққа сай емес. Аста-төк етіп дастархан жаюға біздің мүмкіншілігіміз жоқ. Депутаттар мен белсенді кәсіпкерлердің қолдауымен өтті. Қонақтарға палау бердік. Оның үстіне бұл орын аса қымбат мейрамхана да емес", - деді Ғабит Мәуленқұлов.
Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің facebook парақшасынан алынды
Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің facebook парақшасынан алынды: UGC

Одан өзге аудан әкімі мейрамханада өткен жиында ақсақалдардың баталарын алғанын да айтты.

"Мұсылманбыз ғой, ақсақалдардың батасын алу - әрбір мұсылманның парызы деп білемін", - деп сөзін түйді шенеунік.

Еске сала кетсек, бұған дейін әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов тұрғындармен кездесуді мейрамханада өткізгені туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746454-symkenttegi-audan-kimi-halykpen-ne-sebepten-mejramhanada-kezdeskenin-ajtty-foto/

pixel