Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы орыс ұлтының өкілі қазақ әйелдерін мансап қумай, көп бала тууға шақырды (видео)

Опубликовано:

Қазақстанда тұратын орыс ұлтының өкілі қазақ жастарын бала туып, мұсылманшылықтан айырылмауға кеңес берді. Айтуынша, қазіргі еропалану саясаты қазақтардың отбасылық құндылықтарға құрметтемеуіне алып келеді. Ол қазақ жастарын үлкендерді сыйлауға шақырды деп жазады NUR.KZ.

Қазақстандағы орыс ұлтының өкілі қазақ әйелдерін мансап қумай, көп бала тууға шақырды (видео)
Кадр Facebook желісіндегі видеодан алынды/Тамаша топ: UGC
"Білесіз бе, меніңше, қазір жастар салт-дәстүрді ұмытып бара жатқан сияқты. Мен Қазақстанда тудым, қазақ болмасам да, менталитетім қазақша қалыптасқан. Жас кезімде қазақтар үлкендерді тыңдайтын. Бұл дәстүр болатын. Ал үлкендер болса, олар тәжірибелі болғандықтан, жаман нәрсе айтпайды. Жалпы, менің ойымша үйленгенде де махаббатпен емес, есеппен үйленген дұрыс сияқты. Түсіністікке көп көңіл бөлуі керек. Отбасында үлкен адамның сөзін бәрі ұйып тыңдауы керек. Қазір ажырасу өте көп. Балалар үлкендердің ақылынсыз қалып жатыр", - дейді әйел.

Айтуынша, ол қашан да қазақ отбасына үлкен құрметпен әрі таңданыспен қарайды екен.

"Мен бұрын қазақ отбасының үлгісіне таңданыспен қарайтынмын. Олар үнемі үлкендерді тыңдап, оларды сыйлайтын. Қартайғанда ата-анасына көмектесетін, бұл әлі күнге дейн бар. Жуырда Бурабайға бардық, үлкен кісілердің маңында балалары жүгіріп жүр, не сұраса соны әкеліп, асты-үстіне түсіп бәйек болып жатыр. Ал күйеуім көріп, мұны таң қалды. Біздің еуропада менталитет мүлдем басқа дейді. Ал мұнда қандай керемет деп таңданып қалды", - деген ол қазақ әйелдерінің де мансап қуып кеткеніне де наразылық танытты.

"Мен өзім мұсылманша ойлағандықтан, әйелдердің сабырлы болғанын, үйдің ұйытқысы болғанын, жұмсақ болғанын қалаймын. Әйел сондай болуы керек. Үйдің ішінде бәліш пен бауырсақтың иісі шығып тұрса екен деймін.

Еуропадан үлгі алудың керегі жоқ. Мұсылмандардың дәстүрін сақтау керек. Ажыраспай, бәрін отбасының ішінде шешу керек. Қазір жастар неліктен ажырасып етіп жатқанын білмеймін. Құндылықтар өзгерген сияқты. Бәріне ақша керек. Әйелдер мансап қуып кетті. Олар отбасы, ошақ қасының жанында жүруі керектігін ұмытып кетті", - деп ой өрбітеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746562-kazakstandagy-orys-ltyny-kili-kazak-jelderin-mansap-kumaj-kp-bala-tuuga-sakyrdy-video/

pixel