Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның арманын орындаймыз": Денис Теннің анасы халыққа үндеу жолдады

Опубликовано:

Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Теннің анасы халыққа үндеу жолдады. Оксана Тен қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, Денистің атын мәңгі есте қалдыру жұмыстары туралы сөз етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eg.ru
Фото: eg.ru: UGC
"Құрметті Денистің достары мен табынушылары!

Денистің отбасының атынан мен тағы да қазақстандықтарға қолдау білдіргендері үшін алғыс айтқым келеді!

Осы уақытқа дейін Денистің атын мәңгі есте қалдыру туралы бірнеше ұсыныстар мен ойлар айтылды. Қазір біз мемлекеттік органдармен жұмысты бастап кеттік деп айтқым келеді.

Денистің жобалары мен жоспарларын орындау үшін арнайы қоғамдық қор тіркеліп жатыр.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі басқармасымен жеке кездескенде біршама ұсыныстар айтылды. Онда барлығымыз бір-бірімізге қолдау білдіре алдық.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғану Академиясын ашпақшы.

Ал Алматы қаласы әкімдігі жыл сайын мәнерлеп сырғанаудан Денисті еске алуға арналған халықаралық турнир өткізуді көздеп отыр.

Сондай-ақ, әкімдік Денистің қайтыс болған жерінде ескертіш орнатумен айналыспақ. Алдағы уақытта отбасы мүшелерінің қатысуымен кәсіби мүсіншілер арасында байқау ұйымдастырылады.

Әкімдік Денис туып-өскен үйге ескерткіш тақтайын қоюға уәде берді. Денис туралы кітапты шығаруға да көмек беретін болды. Қазіргі уақытта біз Денистің достарымен бірге кітапқа қажетті материалдар жинап жатырмыз.

Жуырда біз баршаңызға Денис Тен қорының мекен-жайын айтамыз.

Біз қазір жанымызда жүріп, барынша көмек көрсетіп жатқан жандарға алғыс айтамыз!

Денистің идеялары шындыққа айналады деп үміттенемін!"

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні Алматының қақ ортасында Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746703-ony-armanyn-oryndajmyz-denis-tenni-anasy-halykka-ndeu-zoldady/

pixel