Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кубалық әнші 25-тен асқан қазақ қыздарының сексуалды емес екенін ашық айтты

Опубликовано:

Қазақ тойларында ән айтып, нәпақасын тауып жүрген кубалық Franky Rey тобының негізін қалаушы Франклин Рэйнел қазақ қыздары туралы пікірін ашық айтты. Айтуынша, 2009 жылдан бері Қазақстанда өнер көрсетіп жүрген жігіт жергілікті халықтың менталитетін өте жақсы біліп алған. Мәселен, ол 25 жастан кейін өзін сексуалды тұрғыдан тартымсыз санайтын қазақ қыздарын мүлдем түсіне алмайтынын айтты деп жазады «Время» газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кубалық әнші қазақ қыздарының сексуалдығы туралы ашық айтты
Фото: YouTube/Franklin Oropesa: UGC

Франклиннің айтуынша, жергілікті қыздарды түсінбегендіктен, олармен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды. Есесіне, өзі құрған топтың кубалық солисімен бірге азаматтық некеде тұрады.

«Біздің қазақ қыздары қандай екен? Ұнай ма?», - деген тілшінің сұрағына ол:

«Әдемі. Мұнда тұратын қазақ, орыс, украин, ұйғыр ұлтының қыздарының барлығы әдемі. Бірақ олардың менталитеті мен үшін түсініксіз. Сондықтан маған кубалық қыздар көбірек ұнайды», - деп жауап берген.

Оның айтуынша, қазақ қыздары 25 жастан кейін өзін кәрі қыз санайды.

«Кубада қыздардың барлығы ашық, сексуалды, үнемі билеп жүреді. Олардың бойындағы энергия, күш-қуат өте мықты. Олар өмірге де басқаша көзқараспен қарайды. Сонымен бірге, кубалық қыздар өте сексуалды келеді", - дейді Франклин.

"Ал біздікілер ше, сексуалды емес пе?",- деген сұраққа жауап берген әнші қазақ қыздарының ішінде сексуалдылық жағынан ерекшеленетін бойжеткендердің аз екенін алға тартты.

«Бәрі емес! Бұл жақтың қыздары сабырлы әрі көп ойланады. Олармен кездесер болсаң, бірден тұрмысқа шыққысы келіп тұрады. Ал біз заңды некеге тұрмастан бұрын, ұзақ уақыт бірге тұрып көреміз. Балалы болудың алдында өзіміз үшін өмір сүреміз. Ал сіздердің менталитеттеріңіз басқа. 25 жастағы тұрмысқа шықпаған қыз өзін керексіз, көріксіз және сексуалдылық жағынан тартымсыз сезінеді.", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746906-kubalyk-nsi-25-ten-askan-kazak-kyzdaryny-seksualdy-emes-ekenin-asyk-ajtty/

pixel