Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұңғышбайдың келінісің": Түсіпбаева әнші сіңлісін елдің еңбегін жемеуге шақырды

Опубликовано:

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жас ақын Назерке Семей мен Салтанат Бақаева арасында туындаған дауға қатысты пікір білдірді. Ол Назеркенің сөзіне жазылған әнді орындап жүрсе де, оған бір тиын қаламақы бермеген әншіні адамгершілікке шақырды деп жазады NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева ақын қызбен жанжалдасқан Бақаеваны адамгершілікке шақырды
Коллаж: sn.kz: UGC

Салтанат Бақаеваға үндеу жолдаған ол Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

"Жерлесім, ақын қызымыз Назеркенің жан-айқайын естіп, әнші Салтанат Бақаева үшін ұялып, кешеден бері кірер тесік таппай отырмын...

50мың тенге - 100 доллардай ғой... Ұзатудан әншілер қыруар ақша табады. Біреудің адал енбегін жеген жақсы емес, Салтанат сіңілім! Екеуімізді Машурова олай тәрбиелеген жоқ. Сен - қазақтың адал перзенті Роза Қуанышқызының шәкіртісің. Аса ардақты Әл-Тарази Тұңғышбай ағаның келінісің. Ұят болады. Кешірім сұрап, 50 емес, 150 мың бере ғой.

"Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын" деген. Сені өнер арқылы қанша жақын тартсам да, ауылдастарым Назеркенің намысына немқұрайлы қарай алмаймын, Салтанат! Ойланып көйлегін кигізерсің ақынның!

p.s.Араша! Салтанат та, Назерке де маған бөтен емес", - деп жазған әнші.

Меруерт Түсіпбаева ақын қызбен жанжалдасқан Бақаеваны адамгершілікке шақырды
Скриншот Facebook желісінен алынды: UGC

Еске салсақ, күні кеше журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жас ақын Назерке Семейдің жанайқайы туралы жазба қалдырып, онда Салтанат Бақаеваның хит әнінің авторы әншіден бір тиын алмағанын айтқан болатын. Елге видеоүндеу жолдаған ақын қыз әншіні 50 мың теңгесін айыптап, әділдік сұраған еді.

Мұны естіген әншінің тыңдармандары ашуға мініп, оның парақшасына түрлі жағымсыз пікірлерін білдіріп жатты. Бүгін әнші Салтанат Назеркеге жауап беріп, оның бұл әрекетін қызғаныш деп бағалаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746925-tgysbajdy-kelinisi-tsipbaeva-nsi-silisin-eldi-ebegin-zemeuge-sakyrdy/

pixel