Қазаққа "тимеймін": Көкшетаулық ару шетел азаматымен тұрмыс құратынын кесіп айтты
Жарияланған күні:
Көкшетаулық бойжеткен қазақ азаматымен бас қоспайтынын айтып, жан сырын ақтарды. Айтуынша, бүгінде қазақстандық ер-азматтар тым ұсақталып кеткен екен. Ару "шетел азаматы ұсыныс жасаса, қазір тұрмыс құруға дайынмын" дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көкшетаулық Аружан (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткен қазақ жігіттерінің тым ұсақталып кеткенін айтып, ағынан жарылды. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, "қазіргінің ер-азаматтары ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге тым құмар" екен.
"Жасыратыны түгі жоқ, қазақ жігіттерінің бойында нағыз еркекке тән қасиет азайып барады. Бірі жеңіл жолмен ақша табуды көздейді, енді бірі тіптен ақша таппай, әйелінің мойнында отырсам дейді. Былайша айтқанда, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді ұнатады. Мен әкесіз өскен қызбын, сондықтан анам екеуміз ешқашан қол қусырып, еңбексіз отырған емеспіз. Өзім оқып, өз күшіммен оқуға түстім. Болашақ жарымның да бойынан сондай қасиеттерді көргім келеді. Алайда, өкініштісі, бүгінгі ер-азаматтар мүлде олай емес, көп сөйлейді, іске жоқ",-дейді бойжеткен.
Бойжеткеннен, сөз арасында "шетел азаматы ұсыныс жасаса, жат жұрттықпен шаңырақ көтеруге дайынсыз ба?" деген сауал да қойып үлгердік. Айтуынша, "ұсыныс болса, олшетелдікке тұрмысқа шығуға қазірдің өзінде әзір" екен.
Мен кішкентайымнан анама өлсем де қазақ жігітіне тұрмысқа шықпаймын деп айтатынмын. Қазақтың жігітінің бірі – өз әкем. Туғанымнан мені бір иіскеп, іздеп келген емес. Мүмкін сол реніштің соңы осындай жек көрушілікке алып келген шығар. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды, жақсы азаматтар да бар. Бірақ олар өте аз. Дәл қазір шетел азаматы тұрмысқа шақырса, шаңырақ құруға дайынмын. Сол жолда тіпті ағылшын тілін де оқу үстіндемін. Шетелде оқуымды жалғастырып, сол жаққа қалу сияқты арманым бар. Бәрі Алланың қолында, тағдыр қалай жазылса, солай болады",-деп әңгімесін аяқтады ару.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747101-kazakka-timejmin-kksetaulyk-aru-setel-azamatymen-trmys-kratynyn-kesip-ajtty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 15
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
бари бірдей жаман деп отырған жоқ қой. алдымен дұрыстап оқып, түсіну керек. беталды құр намыстана бермей жігіттер. əрине өзі біледі. əркімнің өз ойы, өз ұстанымы, өз өмірі бар. тіптен осы қыз үшін кесіп-пішіп, көзбен көріп қолмен ұстағандай тіптеееннн жамандап бара жатырсыңдар. өмірде əркімнің өз пікірі бар. өзлеріңіз сияқты.
Багира222
тимесең тимей ақ қойшы,шетелдікке тиіп көрсей,əуелі ала ма екен,сосын барып айтсай ,айтатыныңды
Елорда
Акымак екен шетелдин еркегинен не табам деп отир каншама кара коздер кетти етеги жаска толып елге кайтуды армандап, индияга кеткен кыз анау былтыр окинип , елдин жигити шетелден кай жери кем, осыны корип карнын ашат, бизде де бар намысты колдан бермейтин ер минезди азаматтар .Казыргылер арманшыл мен куйеуге шыкканда соныда ойламаппын казыр жасым 32де 1 кыз, 1 улым бар кез келген семьяда басында киындык болат соган тозип, шыдау керек, меним ойымша анасы еркек адамдарды жамандап коп соз кылат содан туйген ойы осы кыздын шешим кабылдауы.Мен шыны керек оз басым 7жыл бойы таяктан коз ашпадым дегенмен озим айтатынмын семьядан ешкашан ажыраспаудын жолын табам деп, далелдеймин деп ойткени аке- шешем мен 17 жаска толганда ажыраста бес баланын улкени болдым соны коргенде озиме ой туйдим жане осыны ата- анама да айттым сендерге отбасы болуды жане ажыраспай тату- татти болуды далелдим деп , уйдеги жагдайды унеми куйеуым бетиме басты сонда да шыдап бактым, казыр алла шукир бакытты ана, суйыкты жармын .Алладан кунде тилейтинмин ишседе кандай адам болсада тозем деп , дегенмен Алла тагала маган ишпейтин ер азаматты жолыктырды куйеуым мен 19да болганда ол 20 жаста еди аскерден келген кези сойтип отбасы курдык казыр турып жатканымызга 12жыл.Алы квартира жагалап журмиз киыншылык бастан асат дегенмен бир уйли болатынымызга сенемиз бир биримизди курметтеймиз шыдандар кыздар жигиттерди корламандар, жаксы кориндер отбасы болылндар биз ойткени кеудемизде намысымыз бар казак деген улттан туган кыздармыз. Еликтемендер улгили отбасы болам десен оз ойынды озгерт сен ойткени КАЗАКСЫН!
Нари1990
Дурыс айтасыз. Ешнарсе киындыксыз келмейди. даже 1 узим нанда. Онай келген олжа онай сытылып шыгып кетеди
Айжан90
Я согласная с ней, вот вы комментаторы пишете кыздар жаман, жаксы кыздан кетпейди жигит. Мысалы мен шынымды айтамын, ешкашан коп кыдырган Кыз емеспин. Мен озим Бир жигитпен кездессем, мен однолюб пын. Бирак Маган не серьезный жигиттер кездесе береди. Менин депозитим бар, озим банк саласында жумыс истеймин. Бир жигит менимен 5 ай кездесип , сонында Сол депозиттин акшасын карызга Бер деп айтты. Бермеп едим, жогалып Кетти. Сосын баска жигит. Тек тосектес болгысы Келди. Мен болмаймын деп едим, тоже жогалды. Жигиттер Дин оздери жаман кылыктары бар кыздар издейди.
Нари1990
саган килен сондай жигиттер жолыгады екенда. Значить сен озин кандай жигитпен журуди билмейсинда
Боданкүл
Əле де болса ойлан.Қазақ жігіттеріндей кең пейіл,ақылды,иманды жігіт еш еш жерде жоқ.Аздап кемшіліктер болып жатады.Кешіріммен қара.
БА
Оздерин дурыстап алмайма бириншиден! Биздин кыздар бузылган.Мысалы Озбекстанда жане Таджикистанда ажырасу деген оте аз, биздикенен караганда, неге десен сол жактын кыздары оз еркектерин оте сыйлады. Кытай казактарынан кыз алу керек, таза казак салттари сакталган
Жаннат
Жаксы кызды ешбир жигит тастамайды. Шешесин корип кызын ал деген бар. Кыздарга да коп нарсе байланысты. Кейбиреуи жап жаксы жигитке тиип алып, аздырып жибереди. Ал кейбири керисинше небир тентекти адам кылады. Басты катырмай кетсе кете берсин. Кыз курып калып па биздин жигиттерге
Candy
Айтуы дұрыс, қазіргілердің ұсақталып кеткені рас.Дегенмен,қазақ жігітіне ғана тұрмыс құрам.Әкем қазақ және еңбекқор,отбасы үшін біртынбайтын,айналасына да қамқар жақсылық жасағыш.Сондай жігіт болса деп армандаймын.Қазіргілер жалқау или өте пысық бир тиынын сындырмайтын.
фарида1965
Өз қаныңды жамандап өзге де жақпай қаласың ау Ұлттық намыс қайда Көп сөйлеп кеткен сен сияқтысың қарағым
Рақымғали
көрсін
БерикОКО
Киын жагдайда оскен кыз екен. Акенин тарбиесин кормей оскен гой. Аке тарбиесин корген кыз акылды салмакты болар еди
Адыл
женилтек кыздын создери сиякты
Нари1990
Мына нокатек акесинин мейиримимин кормегенге казак жигиттерин киналап отыр гой. 5 саусак бирдей емес екенин билмейди ау деймин.
кулпан