Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті (фото)

Опубликовано:

Әнші Амангүл Сәндібаеваны Астана мен Атырау жұрты «алаяқ» деп атап, жер-көктен іздеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Амангүл Орынбасарқызы. Скриншот Youtube
Амангүл Орынбасарқызы. Скриншот Youtube: UGC

Журналистерден араша сұрап, әншіден ақшасын ала алмай жүрген қазақстандықтардың саны мыңнан асады. Дүйім елдің сөзінше, аузынан Алласын тастамайтын өнер иесі қара халықты «Ақ Жайнақ» атты пирамидаға ақша салып, баюға үгіттеген. Соның бірі - баласы науқас Сәуле Ғабдулина.

«Баламды шипажайға апару үшін үш жүз мың теңге қажет еді. Таныстарым "Ақ Жайнаққа" ақша салсаң, бір аптада екі еселенеді, біз бірнеше мәрте ақша беріп, үлкен пайыздық үстемемен қайтарып алдық деді. Шілде айында күйеуім, қызым, балаларымның атынан 160 мың теңгені салып, пайда түгіл өз қаражатыма жете алмай қалдым", - дейді Астана қаласының тұрғыны.

Жәбірленушілердің сөзінше, пирамидаға тап болғандардың басым көпшілігі - зейнеткер, мұғалімдер мен жағдайы төмен отбасылар. Барлығы оңай ақша табамыз деп опық жепті. Тіпті араларында миллиондап қаржы құйғандар да бар.

«Танысым «мен кепіл боламын саған, бір аптада ақшаңды екі еселейсің» деген соң 900 мың теңгені Амангүл Орынбасарқызының көмекшісі Айгүл Әбдіқадырқызының есепшотына банк арқылы аудардым. Ақшамды қайтара алмай жүргеміне екі апта болды. Қазір Амангүлді не көмекшілерін таба алмай жүрмін», - дейді Динара Қабылбекова.

«Ақ Жайық» пирамидасы 4 шілде күні Атырауда, 14 шілде күні Астанада кеңселерін ашып, заңды түрде жұмыс жасаймыз деп жұртты сендірген. Талап бойынша әр адам алғашқы салым ретінде 20 мың төлеп, артынан екі адам әкелуі тиіс. Шартты орындағандар бір аптадан соң сыйақы ретінде 40 мың теңгеден алып отырған.

Осыған сенген тұрғындар алғашқы табыстарына мәз болып, туыс, көршілеріне дейін жетектеп әкеліп, аямай қаржы құйыпты. Ақшаны олар әншінің көмекшілерінің есепшоттарына аударып отырған.

Осыны сылтау еткен әнші Амангүл Орынбасарқызы ақшасын сұрағандарға «Маған тиын да берген жоқсыңдар, кімге салдың содан сұраңдар» деп қашып кеткен.

Танымал «Халық әншісі» дүйім жұртты тақырға отырғызып кетті
Танымал «Халық әншісі» дүйім жұртты тақырға отырғызып кетті: UGC

Ал салымшылармен жиын кезінде ол өзін «Халық әншісімін, Алла үшін халқымды несиеден құтқарып, мүгедектерді қаржы қиындығынан арылтамын» деп сөз беріп, артынша ән салып берген. Бар жиғандарынан айырылған жұрт қол жинап, Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасына арыз түсірген.

NUR.KZ порталының тілшілері Амангүл Сәндібаеваның пікірін білмек болғанымен, әнші жауап бермеді. Алайда, халықтың миллиондаған қаржысын жиған көмекшілерін тауып тілдесіп көрдік.

Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті (фото)
Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті (фото): UGC

«Мен ол кісімен шілде айында Астана Моллда таныстым. Халық әншісімін, «Ақ Жайнақ» фирмасының басшысымын, интернет дүкен ашып жатырмын, мүгедектер мен ауру балалардың жасаған қолөнер жұмыстарын сатып, елге де өздеріңе де табыс табасыңдар деп сендірді.

Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті (фото)
Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті (фото): UGC

Басында ақшаны халық Амангүлдің жеке есепшотына аударды. Кейін ол кісі біздерге «банктегі шотымды жауып тастапты, уақытша сендер ашып, түскен ақшаны шешіп маған бересіңдер» деді. Өзі аузынан Алласын тастамай, халқым деп сөздің майын тамызып сөйлеген соң, сеніп қалдық.

Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті
Танымал отандық әнші қарапайым халықты тақырға отырғызып кетті: UGC

Күнде кешке өзі немесе есепшісі Махамбетова Венера келіп түскен ақшаны алып кетіп отырды. Жарты айда біз карточкамызға түскен 109 миллион теңгені қолына ұстаттық. 4 тамыздан бастап ақша салғандар шу шығара бастады.

Содан кейін Амангүлді де, есепшісін де таппай қалдық. Қазір жүздеген салымшы біздің жағамыздан алып жатыр. Қорыққанымыздан әрқайсымыз несие алып, біразына салған қаржыларын қайтардық. Бұл жұмысқа балам мүгедек болған соң барып едім», - дейді Арайлым Сәбитқызы.

Жәбірленушілердің сөзінше, Амангүлдің айласына ақша салғандардың бас аяғы бес мыңға жетіп қалған. Оның ішінде жүзге жуығы - қазақ эстрадасындағы танымал әншілер.

Амангүл Орынбасарқызы әртістерден біраз қаржыны "күйеуім ажал аузында жатыр, балам науқас" деп қарызға алып, қайтармай да кеткен. Жұлдыздар елден ұялғандарынан салған қаржыларын талап етпей, әріптестеріне «садақа» деп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747558-tanymal-otandyk-nsi-karapajym-halykty-takyrga-otyrgyzyp-ketti-foto/

pixel