jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда ұрығын қыруар қаражатқа сататын ер адамдар көбейген

: UGC

Белсіздік пен бедеулік - 21-ші ғасырдың басты проблемасы. Дегенмен, бала көтерудің түрлі жасанды жолдарын тауып, кез келген адамға ата-ана болу бақытын сыйлауға атсалысып жатыр.Табиғаттың берген сыйын бизнес көзіне айналдырған еркектер саны да елімізде артып келеді. Осы орайда, NUR.KZ порталы желідегі хабарландыруға шолу жасайды.

Қазақстанда ұрығын қыруар қаражатқа сататын ер адамдар көбейген
Қазақстанда ұрығын қыруар қаражатқа сататын ер адамдар көбейген: UGC

Желіде «Баласы жоқ отбасыларға немесе жалғызбасты әйелдерге сәбилі болуға көмектесуге дайынмын», - деген жарнамалардан көз сүрінеді.

Жарнама берушілердің көпшілігі бірнеше баласы бар отбасылы еркектер мен ақша табудың жаңа көзін тапқан жігіттер.

Бала сүйіп, ата-ана атану кейбіреулер үшін арман болса, енді біреулер үшін оңай пайда көзі болып отыр.

Жігіттердің басым көпшілігі жасанды немесе табиғи жолмен жүкті болуға көмектесуге дайын. Әрине, бұл үшін олар қомақты қаражат сұраудан қымсынбайды.

Мәселен, Ғани есімді жігіт: «Жасым 25-те, бойым 175, салмағым 64 келі, метиспін, анам – өзбек, әкем – қазақ, екі балам бар. Спермаға донор болуға дайынмын. Алдын ала төлем 25 мың теңге», - деп жазған.

Жоспарлы түрде қыз немесе ұл бала болғанын қалайтындар үшін де ұсыныстар аз емес.

Желіде «үш ұлдың әкесімін, тағы да ұл болатынына кепілдік беремін», - дегендерді де табасыз.

Айта кетейік, жарнама беруші жігіттердің көпшілігі бірнеше рет донор болғандарын да жасырмайды. Тіпті, кейбіреулері өзгеге өз ұрығын сыйлау арқылы күн көріп жүргенін де жазған.

Қазақстанда ұрығын қыруар қаражатқа сататын ер адамдар көбейген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.