Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей тарихында алғаш рет гей-парад болып өтпек

Опубликовано:

ЛГБТ бірлестігінің өкілі Николай Алексеев "сенсация жасап, Ресейде алғаш рет гей-парад өткізуге рұқсат берілгенін хабарлады. Бұл туралы ол "Вконакте" желесіндегі парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: russian.rt.com
Фото: russian.rt.com: UGC

Өз мәлімдемесін Николай Алексеев Новоульяновск әкімшілігінің жауабы негізінде айтқан. Ол тіпті желіге ресми құжаттын көшірмесін жүктеп қойған.

Онда әкімшілік гей-парадты қаланың қақ ортасында емес, Яблоневый ауылында өткізуге рұқсат беретінін мәлімдеген. Олардың айтуынша, көпшілік шоғырланған жерде мұндай шеру өткізу үлкен жанжалға ұласуы мүмкін.

"Бізге Яблоневый ауылыныда гей-парад өткізуге рұқсат берілді. Біле білсеңіз ол жерде небәрі 7 адам ғаан тұрады. Тағы да 131 адам мекендейтін Панская Слобода ауылында өткізу таңдауы болған. Алайда, бұл заманауи Ресей үшін жарамас еді", - деп жазған ол.

Сөз соңында Николай Алексеев Ресей тарихындағы алғашқы гей-парад 26 тамыз күні сағат 12:00 мен 14:00 арасында болып өтпек. ЛГБТ бірлестігінің өкілі шеруге 300-ге аса қатысушы тіркеліп үлгергенін де айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1747787-resej-tarihynda-algas-ret-gej-parad-bolyp-tpek/

pixel