Алматыда шығыс айналма жолынан табылған балақай әкесі таспен ұрғанын жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде шығыс айналма жолынан табылған баланың видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Бірінші Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Бейнежазбада келіншек Мұхаммедтен болған жағдай туралы сұрайды. Ал балақай оны әкесі ұрмағанын, керісінше, өзін көлік қағып кеткенін ыммен, дене қимылдарымен түсіндірген екен.
Алайда бұл жайттың өтірік не рас екендігін психологиялық сараптама анықтайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда әкесі ұрып, жолға тастап кеткен бала жақында ауруханадан шыққан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747867-almatyda-sygys-ajnalma-zolynan-tabylgan-balakaj-kesi-taspen-rganyn-zokka-sygardy/