Танымал актер фильмде төсектес болған қазақ актрисасы туралы ашық айтты
Жарияланған күні:
Танымал қазақстандық актер Шыңғыс Капин menshealth.kz басылымына сұхбат беріп, актерлік саладағы төсек сахналарына қатысты пікір білдірді. Актер кей әріптестеріне деген құмарлығы шынайы өмірде де байқалып қалатынын жасырмады деп жазады NUR.KZ.
Жуырда актер Айсұлу Әзімбаевамен бірге "Секс, қорқыныш және гамбургерлер" ("Секс, страх и гамбургеры") деп аталатын жаңа кинокартинаға түсті. Онда олар ашық төсек сахналарын сомдап, фильмнің эротикалық тұстарын барынша шынайы сомдап шыққан.
Осы тұста актер Айсұлуға деген құмарлығы шынайы өмірде де бар екенін ашық айтты.
"Біріншіден, маған рөлге ойнаудың қажеті жоқ болды. Менің Айсұлуға деген құмарлығым бар. Сондықтан бұл орайда маған қиын болған жоқ. Бірақ мен үшін өзімді ұстау қиынға соқты", - деді ол.
Шыңғыстың айтуынша, фильмдегі төсек сахналарының шынайы өмірде де әсер ететін тұстары бар.
"Мәселен, Динара Бақтыбаевамен "Зәуре" фильмінде ойнадық. Арамызда ешнәрсе болған жоқ. Мүлдем. Бірақ, түсірілім аяқталғанына екі жыл болса да, менің оған деген құмарлығым әлі де бар", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1747905-tanymal-akter-filmde-tsektes-bolgan-kazak-aktrisasy-turaly-asyk-ajtty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 4
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
қазір өзі бəріне де бəрібір болып қалды ау
мақсат
іштен іріп-шіріген ібілістің ордасына айналып бара жатырмыз...
Сервисфото
Кумарбасты екен озi,жаксы емес бул...
Еркегали
Қазақстан енді осылай ашық түрде эротикалық киноларды түсіретін болған болса, онда жетіскен екенбіз. Арыстанбек Мұхамедиұлы ай қарап жүрме неге осындай масқараларға шектеу жасамайды?
Багира222