Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы қазақ қызы отбасылы адаммен көңілдес екенін айтып, мақтанды

Опубликовано:

23 жастағы қазақ қызы өзінің отбасылы адамның көңілдесі екенін айтып, мақтанды. Ол ер адамның үш баласы бар екенін біліп тұрып, кездесуге келіскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: lifeacademy.ru
Фото: lifeacademy.ru: UGC

Қымбат сыйлықтарға ие болатын бойжеткен, аталмыш азаматтың өзінен 8 жас үлкен екенін жасырмады.

" Осыдан бір жыл бұрын жігітпен кездесіп бастадым,. Оның отбасы, үш баласы бар. Соған қарамастан, бір-бірімізді сүйеміз. Ол күндіз-түні менің жанымда. Тіпті әйелін іздемейді.

Мені жұмысқа да орналастырды. Балаларының аузынан жырып, сыйлық та берді. Айтқанымның бәрін істейді", - деп мақтанған ару жақында ол азаматтың өзіне үйленетінін де айтты.

"Ол маған үйленетіні айтып жүргенде, әйелі бәрін біліп қойды. Ол үлкен жанжал шығарған сәтте, мен аяғым ауыр деп алдадым. Күйеуі бар әйелдерге айтарым, олар бекерден-бекерге сыртқа көз салмайды. Мән бермей жүріп, күйеуіңізді кері қайтаруға тырыспаңыз", - деген ару үш баланың анасына тіл тигізіп үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748373-23-zastagy-kazak-kyzy-otbasyly-adammen-kildes-ekenin-ajtyp-maktandy/

pixel