Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 немере сүйіп отырған Амантай қажы өзіне жас тоқал іздеп жатыр

Опубликовано:

Амантай қажы Асылбек Астанамен жасты жас тоқал алғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Еуразия арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Fotokto.ru
Фото: Fotokto.ru: UGC

Жас тоқал аламын деп жар салған Амантай қажы Астана қаласына арнайы үндеумен келген екен.

Ол бағдарлама барысында кең байтақ қазақ жеріндегі халықтың аздығы мен жарты миллиондай қазақ қыздарының тұрмысқа шыға алмай жүргенін алға тартты.

Қажы бұл мәселені тоқал алу арқылы шешу қажеттігін де айтқан. Ал 10 тоқалы бар деген сыбысқа Амантай Асылбек өзінің нақты жауабын жеткізді.

"Менің бәйбішем бар. Құдайға шүкір, 7 балам, 12 немерем бар. Бұйырса, тағы болады" , - деді Амантай қажы.

Шыдамсыз қажы сөзін бөлгендерге ызаланып, сұхбат беріп отырған жерінен кетіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748741-12-nemere-sjip-otyrgan-amantaj-kazy-zine-zas-tokal-izdep-zatyr/

pixel