Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жезөкше өзін қытайлық мафия ұрлап әкеткенін жайып салды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық бойжеткен өзін қытайлық мафия өкілдері ұрлап әкеткенін айтып, көпті дүрліктірді. Ол редакцияға бейнежазба жолдап, көпшіліктен көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото және скриншот
Көрнекі фото және скриншот: UGC

Бойжеткеннің сөзінше ол Алматы облысының тумасы екен және Гонконг, Египет, Түркия елдерінің демалыс орындарында жезөкшелікпен айналысады екен. Оның айтуынша, арудың жеке басындағы қиындықтар 2017 жылы Түркияда жүргенде бассталыпты.

Бойжеткеннің одан арғы әңгімесі түсініксіз болды.

Айтуынша, ол Измирде ерекше қабылеті, тылсым күші бар ер адамман тынысыпты. Ол өзін Алламмын деп атап, бойжеткеннен "қандай көмек қажет" деп сұрапты. Сосын бойжеткен әлгі ер адамның үйінде бірнеше күн тұрғанын, сол уақытта оған түрлі жоралғылар жасау үшін бірнеше адам келгенін мәлімдеген.

Сонымен бірге, бейтаныс ер-азамат ағылшын, түрік және орыс тіліндегі кітаптарды көрсетіп, өзі және отбасы туралы айтып беріпті. Сол "әрекеттерден" кейін, бойжеткен бойымды тылсым кернеп, өзімді ерекше сезіндім дейді. Ару әлгі ер адамнан Стамбулға билет әперуін сұрап, сол жаққа ұшып кетіпті.

Содан бастап ол Түркия немесе Египетке барса болды, адамдар оны көргенде "сахир" деп атауды шығарыпты. Аталған сөз арабша – ғажайып күш дегенді білдіреді екен. Ол адамдардан неге олай атайтындарын сұрағанда, бәрі одан бойларын аша қашатынды шығарды дейді.

Кейін бойжеткен Алматыға келгеннен кейін, өзінің құпиясын Орталық мешіт имамына айтпақ болыпты. Алайда ол "бәрі жақсы" деп шығарып салған көрінеді.

Сосын бойжеткен жезөкше жұмысын атқару үшін Гонконгқа қайта кетеді. Сол кезде жергілікті түнгі клубтардың бірінде тұрғындармен сөзге келіп, ару оларды балағаттап тастапты. Осы қылығынан кейін қытайлық "Триада" мафиясының мүшелері келіп, оны ұрлап әкетіпті.

Қарақшылар үйге келген уақытта, есік аша алмай дал болған екен. Сол мезетті пайдаланып, ару полицияға әрі Қазақстан елшілігіне қоңырау шалыпты. Алайда олар телефонды көтермей, ол сол күйі ол жаққа хабарласа алмаған екен. Отандасымыз Гонконгтан кетуге жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

Бойжеткеннің Гонконгтағы телефон номері, орналасқан жері мен қоңырау шалған уақыттағы телефон жазбасы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жолданды. Құзырлы мекеме бойжеткенге қатысты мәліметтерді тексеру жұмыстарын қолға алмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1748938-kazakstandyk-zezkse-zin-kytajlyk-mafia-rlap-ketkenin-zajyp-saldy-video/

pixel