Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде жүріп танымал биді билеген Алагөзова елді күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсын қазір Египетте демалып жатыр. Олар өз демалыстарындағы суреттері мен видеоларын Instagram желісінде бөлісуді жөн көрген деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер қазір өз жұбайымен, қызы Айарумен және сіңлісі Бағым Мұхитденовамен бірге Египетте демалуда.

Күні кеше демалыстарын қызықты өткізгісі келген жұлдызды отбасы әйгілі "Kiki challange" биін ерекше орындаған екен.

Тұрсын Алагөзовтің жүктеген бұл видеосының астына желі қолданушылары "Керемет отбасы" , "Ең күшті кики" , "Аға-апайлар, қойыңыздар", "Сайқымазақтар" деген сынды алуан түрлі пікірлер жазыпты.

Жазбаға "Біздің менталитет бойынша 40 жастан асқан адам өзін тірідей көміп тастау керек, оларға мұндай би билемеу керек екен ғой. Керісінше, бұл уақытта өмірдің рахатын сезіну керек, жас деген тек қана біздің ойымызда", "Өте күлкілісіздер, көңіл-күйімді көтеріп тастадыңыздар. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!", "Баян 25 жастағы қыз сияқты" деген де пікірлер де жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749154-setelde-zrip-tanymal-bidi-bilegen-alagzova-eldi-klkige-karyk-kyldy-video/

pixel