RU
Сапарбаев жиында сұрақ қоюды білмейтін мұғалімдерді ұялтты
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев жиында сұрақ қоюды білмейтін мұғалімдерді ұялтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ұстаздардың оқу жылы алдындағы тамыз кеңесіне қатысқан облыс әкімі ешқандай сұрағы жоқ ұстаздарға таңданды. Бердібек Сапарбаев білім саласы басшылары жиналған кездесуде ұстаздардан ұсыныс айтуды сұраған болатын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

"Ертең "Ұсынысым, сұрағым бар еді, маған мүмкіндік берілмеді" деп өкінбеңіздер. Сіздерде барлығы дұрыс сияқты. Осындайда ұсыныстар айтылу керек. Біз жиында еш нәрсе айтпаймыз. Жиыннан шыққан соң көшеде, базарда, асханада әңгіме қылып айтамыз. Ұстаздар баламен, ата-анамен жұмыс істеп отырғандықтан барлық идея сіздерден шығу керек. Сіздердің кедергілеріңізді біз білуіміз керек және шешуге тиіспіз", - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Әкім ұстаздардың алдында білім саласында шешілмей келе жатқан ащы шындықты жайып салды.

"Егер білім, денсаулық сақтау саласында ақша жинау, пара алу қылмыстары жасалатын болса біз қандай мемлекет боламыз?! Егер департамент басшысы бастауыш мектептен ақша алса, ол берген ақшасын қайтару үшін мұғалімдерден жинайды. Мұғалім кімнен алады? Ата-анадан! Оны бала біледі. Осыдан кейін біз қандай ұрпақ тәрбиелейміз, қалай біз дамыған мемлекеттің қатарына енеміз.
Кішкентай кезінен пара бермесе "бес" деген баға алмайсың, оқуға түспейсің, болашағың болмайды дегенді бала бойына сіңіреді. Құрметті басшылар, сондықтан ойлану керек. Өзіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңның абыройын ойла. Ертең оның әкесі, атасы сотталған деп айтатын болады. Біз енді білеміз, ондайлар көп емес. Бірақ ондай басшылар, мектеп директорлары бар", - деді Сапарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel