Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолымды жапты": Нағима Есқалиеваны қысқа киім үшін эфирден алып тастаған

Опубликовано:

Отандық танымал әртіс Нағима Есқалиева шығармашылығының алғашқы кезеңін еске түсіріп, өзіне асқан танымалдылық әкелген "Әлия" әнін бірінші рет орындауы туралы ашық айтты. Ол бұрын-соңды еш жерде айтпаған қызықтарымен бөлісті деп жазады Гәкку телеарнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал Сейдолла Бәйтерековтың "Әлиясын" алғаш болып орындаған Нағима Есқалиева болған. Одан кейін ғана Роза Рымбаева аталмыш әнмен үлкен сахнаға бет алып, өлең таңдауда қателеспеген. Бұл ән екі әртіске де танымалдылық әкеле алды.

Бағдарлама жүргізушісі Нағима Есқалиевадан ел жадында мәңгі қалар әнді алғаш рет орындау туралы айтып беруді сұрады.

"Ол жағдай туралы енді көп жазылған ғой. Мен қорқамын, мүмкін мені тағы да сынап тастайды", - деп жауап қатты әртіс.

"Бір конкурс аясында болғаны есімде, Целиноградтағы патриоттық әндер байқауы болса керек. Мен танымал "Әлияны" орындап шықтым. Алайда, мен қысқа киімде болған соң, мені эфирден қиып тастады.
Ал кейіннен, бір бағдарлама кезінде Роза Рымбаева да, дәл сол әнді қысқа киіммен айтып тұрғанын көрдім. Бұл өз алдына бір саясат болды деп есептеймін. Дәл мені эфирден алып тастағылары келді", - деп айтты Нағима Есқалиева.
"Жолымды бөгеді, күн көрсетпеді. Мені кеңес үкіметі шеңберінде болған сансыз үкіметтік және мерейтойлық концерттерге шақыруды қойды. Бар болғаны менің қалалық әрі ірі денелі болғанымда.
Мәскеу болмағанда мені ешкім қабылдамас еді. "С песней по жизни" сайысына сол үшін алғысым шексіз", - деп айтты отандық әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749729-zolymdy-zapty-nagima-eskalievany-kyska-kiim-sin-efirden-alyp-tastagan/

pixel