RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шетелде жұмыс істеп келген шымкенттік дәрігер отандық медицинадағы былықты жайып салды

Жарияланған күні:

Германияда жұмыс істеп келген шымкенттік дәрігер Ғабит Нұрханұлы отандық медицинадағы біраз былықтың бетін ашты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ғабит Нұрханұлы
Ғабит Нұрханұлы: UGC

Бір жарым жыл Германияда тәжірибе жинап келген дәрігер Ғабит Нұрханұлының қазақстандық ақ халаттыларға өкпесі қара қазандай. Айтуынша, Гиппократ антын қабылдаған дәрігерлер науқастың материалдық жағдайына қарап емдейді. Яғни, ақ халаттылар ақшасы барлар мен таныстарына ерекше қарым-қатынас танытады. Бұл туралы ол портал тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

"Германияда 83 млн халық бар. Алақандай жерде осынша адам тұрады. Ауруханаларына келушілер өте көп. Бірақ, ондағылардың науқастан ақша алу деген ойына да кіріп шықпайды. Пара беру, алу деген жүйе жоқ ол елде. Мейлі әкім, мейлі дәрігер болсын, барлығы халыққа жұмыс істейді және сол үшін мемлекеттен жалақы алып отыр. Егер сіз Германияда туылсаңыз, қайда тұрамын не қалай күн көремін деп бас қатырмайсыз. Ол мемлекеттің проблемасы.

Алған жалақыңа қарай салық төлейсің. Барлығын мемлекет бақылап отырады. Мәселен 2 мың еуро жалақы алып жүрген мен 200 мың еуро тұратын көлік міне алмаймын. Мінген күннің өзінде, "қандай ақшаңа алдың?" деп мемлекет қадағалап отырады. Онда қалталы не қараша халық деп бөліп-жару жоқ. Медициналық қызметтің барлығы тегін. Олардың барлығында сақтандыруы бар. Ал бізде қалай? Менің түсінгенім, бізде адам денсаулығын "қара базарға" айналдырып жіберген деп", - әңгімесін бастады Ғабит Нұрханұлы.

Германияға аттанбас бұрын отандық медицина мекемелерінде жұмыс істеген дәрігер әсіресе өзі туып өскен Шымкенттегі денсаулық сақтау саласына қатты ашуланып, жұмысқа кіру, науқасты емдеу бизнеске айналып кеткен деп отыр.

"Шымкент - "жыландардың" ордасы ғой. Астанада тек дәрігерлер ақша алса, Шымкентте бәрі алады. Дәл медицина жағында осындай бизнес қатты дамып кеткен. Былықтарды айтсаң, жетіп жатыр. Елдегі дәрігерлер аштықтан ұят, намыс, ар дегенді ұмытқан. Науқастарға аш қасқырдай қарап тұрады. Германиядан кейін ол маған жабайылық боп көрінді", - деді Шымкент тумасы.

Одан өзге дәрігер Ғабит Нұрханұлы елдегі ұлттық ғылыми медициналық орталықтардың жұмысына шүйлікті.

"Ұлттық" деген аты айтып тұрғандай халыққа, ұлтқа жұмыс істеуі керек. Ал бізде ондай орындарға байлар келеді. Ұлттық деген атауы бар Ұлттық кардиохирургия орталығы, нейрохирургия және тағы басқа орталықтар адам емдеумен емес, бизнес жасаумен айналысады. Бір таныс қызым сырқаттанып, томографияға түскен соң басында ісігі бар екені анықталды. Мен ол кезде Германияда едім. Оған ұлттық нейрохирургиялық орталыққа барып, операия жасатуға кеңес бердім. Ондағы дәрігерлер ота жасау үшін 1 млн ақша сұрапты. Кейін ақшасы болмаған ол Қарағандыда емделіп шықты. Ондағылар ақша сұрамаған. Қуанғанынан дәрігерге өзі 75 мың теңге беріпті. Ол да дұрыс емес. Науқас сұрасын, сұрамасын ешкімге ешнәрсе беруге міндетті емес. Науқастар беріп үйренген соң, ақ халаттылар "ақша берсе екен" деп дәметіп тұрады", - деп сөзін жалғады шетелде жұмыс істеп келген маман.

"Егер Шымкенттегі медицина мекемелері жұмыс ұсынса, келер ме едіңіз?" деген сауалға дәрігер ұзақ ойланып, былайша жауап берді:

"Шымкент - туған жерім. Бірақ, мен бір өзім ондағы жемқорлықпен қалай күресемін? Егер мені жұмысқа шақырып жатса, өз шарттарым болады. Алдымен "Осы жемқорлық мәселесімен күресіп, оны жоймақ едік. Соған өз үлесіңді қоссаң" десе, келісемін. Бірақ, жалақы жоғары болуы қажет. Өйткені бізде дәрігерлер ақшаны не үшін алады? Әрине, алып отырған айлығы жетпегендіктен. Ал оны халық асырауға міндетті емес.

Жұмыс беруші төлеуі тиіс. Жетпей ме, жұмыс берушіңе барып айт. Жалақыңды көтерсін. Тағы жетпей ме, қосымша жұмыс істе. Өз күніңді өзің көр. Тағы да қайталап айтамын, халық дәрігерлерді асырауға міндетті емес", - деді Ғабит Нұрханұлы.

Отбасылық жағдайына байланысты отанына оралған дәрігер бүгінде Астанада қаласында хиджама тәсілімен науқастарды қабылдап жатқанын айтты. Егер күн көру тіптен қиындап кетсе, Германия елінің есігі өзі үшін қашан да ашық екенін жеткізді.

"Дəрігерлерге айтарым науқастан ақша, пара алу - қылмыс. Егер бұл дүниеде ешкім ұстап алып жазаламаса, онда о дүниеге барғанда пара алғаны үшін Алла алдында жауап беріледі. Науқастардың тіпті ризашылығым деп ақ халаттыларға тәттілер ұсынуының да қажеті жоқ. Сырқатыңнан сауықтың ба, ризашылығыңды сөзіңмен жеткіз", - деп сөзін түйді Шымкенттен шыққан дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749828-setelde-zmys-istep-kelgen-symkenttik-driger-otandyk-medicinadagy-bylykty-zajyp-saldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 21

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

ОРС1982

Әрине бұл жігіттің кейбір сөздеріне келісуге болады.Көп жағдайда мәселенің түбіне үңілмей жамандауға ұста xалықпыз ғой(әсіресе өз мемлекетіміздегі проблемаларға келгенде). Бұндай мәселелердің туындауына жалғыз медицина қызметкерлері кінәлі емес,ол болашақ дәрігер қалай білім алып қалай оқығанын жақсы біле тұра солай айтқаны мүлдем дұрыс емес. Кейінгі мәселе біздегі тұрмыс жағдайы мен Германия елін мүлдем салыстыруға болмайды(өзі айтты ғой 2000 евро жалақы жөнінде біздегі дәрігерлердің түсіне де кірмейді ондай жалақы,50-60 мың алатыны итжелеп жүріп оның деген жұмыстағы жауапкершілігін тағы қосқанда). Одан кейінгі басты мәселе дәрігердің отбасылық жағдайы ол да адам ғой отбасын қалай асырайды (сол жөнінде мына бойдақ дәрігер ойлады ма екен,қайдан ойлансын отбасы жоқ адамның басы ауырмайды ондай нәрселерге қара басын зорға алып жүргенде).Және де ең басты бұндай патриот екен қарапайым дәрігерді сынағанша осы мәселенің туындауына себеп болған мемлекеттік ұйымдарға ұсыныс пен немесе шағыммен шықпайды ма (қатты жаны ашитын адам болса xалыққа жазу керек жоғары отырған мемлекеттік ұйымдарға ұсыныс ретінде:дәрігерлердің жалақысын еңбегіне сай жоғарылату жөнінде,соц.Пакеттер қарастыру жөнінде дәрігер мен оның отбасына,сонда дәрігер еш алаңсыз жұмыс атқарады). Әрине әркімнің де өз ойын айтуға құқығы бар бірақ нағыз жанашыр адам ретінде дұрыс жол таңдаса екен деймін,қаншама еңбек етіп жатқан Дәрігерлерді қараламай.

Comment reaction

Гулу

Сіздің айтқаныңыз рас, шындық сізге толықтай қосыламын. Қаралуға барсаң сандалып жүргенің.Біздің елімізде адам омірі сауда ,ақша бермесең қарағылары келмей əр жерге жіберіп сандалтады.

Comment reaction

zhanekaalmaganbetova

менде косылам оте орынды кайактын даригерлер уяалмай сурайды амал жок бересин

қыпшақ

жарайсың бауырым шындықты айттың бəрін парақорлар жайлаған əсіресе өз жерлестерің бірақ біздің халықтың əлеуметтік жағдайын германиямен салыстыруға келмейді

КанатАсан

Алла разы болсын сизге. Оте орынды

zhake

Жарайсың! Айтқанының бәрі дұрыс және осы жағдайды халық та, дәрігерлер де, министр да біледі. Тек біреу жоғардағыдан қорқып айта алмайды, ал біреу, алу үшін білмеген болады, екіншілеріне медиктердің 85-90% жатады. Ал қарапайым өліп кетпеу үшін береді, бұл біздің қанымызда оны жою мүмкін емес!

баян

дурыс айтады кара базар!

Семиструнная7

Германияда солай ол Германия .мы это мы !

Bertran

Менің қарындасым 12 жыл Қазақстанда оқып, 2 жыл АҚШ-та Болашақ бағдарламасымен оқып Астанада ұлттық орталықтың бірінде толық ставкаға 60 мың теңге алады. Қазақша, орысша, ағылшынша өте жақсы сөйлейді, күрделі медициналық техниканы шетелде оқыған. Ақшасы жалдап жатқан пәтері мен аз маз тамағына әрең жетеді. Біз ақша беріп тұрмасақ аш қалады.

нагымановбазарбай

Бул жигит нагыз азамат екен.Кайдам биздин казак бирин-бири улауга шебер.кудайы жар болсын.айткандары 100 пайыз дурыс.омирли болсын осы айткан сози ушин мында бир рахмет.

Наzда

Ана мен бала өлімін айтсаңдаршы

АрхатАхатулы

Казакстанда ауырудын ози коркынышты..Алла денсаулык берсин халкымызга

Janiia

Біздің елімізде мұндай азаматтар әлі бар екен ғой

Мұздыбек

денсаулық саласындағы былық масқара..біздің Сатпаев қаласындағыны көрсеңіздер..тексерісте болмайды..келгендерді аузы мұрнын тығындап жіберетін шығар..денсаулыққа бөлінген қаражаты ...???

бойнг

тек білген бір саланың шетін ғана айтты білмегені қаншама

бойнг

сол немістер кезінде келді,бірақ өзіміз дұрыс қабылдамадыққой

СтепнойВолк

Бір студент айтып еді біздің университетте Ауезовтың ескеркіші ғана пара алмайды деп.

БерикОКО

М.Ауезовтің ескертіші Шымкент қаласында орналасқан емес па))

Наzда

Айтпаңыз

Терминатор

Жаңалықтардан күнніге естиміз Қарағандыда болып жататын былықтарды. Біресе стоматолог 7 жасар баланы өлтіреді, біресе 1 жасар балаға сүндеттеу жасап өлтіріп алады.

Терминатор

Өзің де жылан болғаның ғой демек)

jitsu gif