RU
"Шариғатқа қайшы": Белгілі дінтанушы арақсыз тойдың халал еместігін айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Шариғатқа қайшы": Белгілі дінтанушы арақсыз тойдың халал еместігін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал дінтанушы қазіргі қоғамда болып жатқан тойлардың бірі де халал емес екенін айтты. Оның айтуынша, арақ-шарапсыз өтсе де ерлер мен әйелдер асыр салып билеген тойлардың барлығы шариғатқа қайшы келеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Өзінің бұл мәлімдемесін дінтанушы Ерсін Әміре уағыздарының бірінде айтқан.

"Той адал болу керек. Қазіргі таңда тойға қатысты қате түсінік қалыптасып келе жатыр. Халал делінген тойларда музыка қойып, ер мен әйел би билейтінін естіп жатамыз, тағы сол секілді шариғатқа қайшы әрекеттер жасалады.
Бастысы арақ жоқ дейді. Ол тойды толық халал той деп айту қиын. "Полу халал" дейміз бе, үштен бірі халал дейміз бе. Ол толық халал той болып есептелмейді.", – дейді Ерсін Әміре. 

Оның айтуынша, арақтың жоқ болуы тойды толығымен шариғат бойынша өткенін растамайды. Өйткені, ерлер мен әйелдердің би билеуі де ұстаздардың айтуынша халал емес.

"Толық халал той шариғаттың шеңберінде өтеді. Музыка түгелдей харам емес дейтін ғұламалардың өзі тойларда айтылатын әндерге рұқсат берген емес. Бұрын әндер дінді, адамның жақсы мінез-құлқын қалыптастыруды насихаттайтын.
Ал енді еркек пен әйелдің арасындағы махаббатты жырлайтын әндердің ешқайсысы халал емес. Сонымен қатар, тойға биші қыз-жігіттерді алып келеді. Мұның барлығы шариғатқа қайшы", — деп түйіндеді дінтанушы.       

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
8
1
2
5
48
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel