RU
Шұғыл: Мысырда 22 қазақстандық турист жол апатына түсті (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шұғыл: Мысырда 22 қазақстандық турист жол апатына түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Мысыр елінде аударылып қалған автобустың суреттері мен видеосын жолдады. Айтуынша, автобуста қазақстандық жолаушылар болған.

Автобус с казахстанскими перевод

Фотоны NUR.KZ оқырманы ұсынды

Хабарласқан бойжеткеннің айтуынша, ол ауруханада ем қабылдаған. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі Хургададан Каир қаласына бара жатқан жолда ұйықтап кеткен.

«Мен ауруханадамын. Тағы бір қызды ауыр халде басқа ауруханаға алып кетті. СІМ-ге бізге көмек қажет екенін жеткізіңізші", - деп жазды ол.

Біраз уақыт өткен соң тағы да хабарласқан бойжеткен жағдайы жақсарғанын және қонақүйге келгенін айтты.

Сонымен бірге, ол ұялы телефонында байланыс жоқ екенін және зардап шеккендердің санын нақты айта алмайтынын жеткізді.

Автобус с казахстанскими перевод

Фотоны NUR.KZ оқырманы ұсынды

Бұл жайтқа қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жауап берді. .

"29 тамызда сағат таңғы 4.30 шамасында Хургада - Каир автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалған. Оның ішінде Каирға экскурсияға бара жатқан 22 қазақстандық турист те болған.

Жол апаты салдарынан Қазақстанның екі азаматы түрлі жарақаттармен «Рас-Гариб» аталатын жақын маңдағы елдімекен ауруханасына жатқызылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда Қазақстан консулдығының қолдауымен толыққанды медициналық көмек көрсету және қосымша диагностикалық процедураларды жасау үшін жарақат алған екі жолаушы Хургададағы «Аль-Мысри» госпиталіне тасымалданатын болады.

Басқа жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар Хургадаға жеткізіліп, медициналық тексерістен соң демалыстарына қайта оралды.

Жағдай Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің бақылауында", - деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel