Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада екпеден кейін тіл тартпай кеткен әйелдің өлім алдындағы суреті жарияланды

Опубликовано:

NUR.KZ оқырманы редакцияға маса шаққаннан кейін дәрігерлерден укол алып, артынша тіл тартпай кеткен астаналық келіншектің өлім алдындағы суретін жолдады.

Емханаға жүгінгенге дейінгі Мақпал Еспенбетова. Фото: NUR.KZ оқырманы
Емханаға жүгінгенге дейінгі Мақпал Еспенбетова. Фото: NUR.KZ оқырманы: UGC

Астана тұрғыны Бибен Жүнісова №1 қалалық емханаға жүгініп, өмірімен қош айтысқан Мақпал Еспенбетованың суретін жария етті.

Денсаулық сақтау вице-министрінің "Мақпалдың беті көзінен бастап, жақ сүйегіне дейін ісінген" деген сөзіне Бибен келіспей отыр.

"Вице-министр жалған ақпарат таратты. Ісік тек көзінде болған, жағы ісінбеген. Мақпал маса шаққаннан кейінгі суретін маған жолдады, өздеріңіз көрсеңіздер болады. Одан бөлек БАҚ-тағы ақпарат ашуымды келтіреді, Мақпал маса шаққаннан кейін емес, екпеден кейін қаза болды.

Мақпалдың қаны жұққан шприцтердің орнына бізге бос ампулаларды берді. Мақпалдың күйеуі Роллан келсінші, сотқа барып, дәрігерлердің қалай айғақтарды жасырып жатқанын дәлелдейміз.

Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік тексеріс болатынын айтуда, ал біз қылмыстық тексеріс жүргізілгенін талап етеміз", - дейді марқұмның құрбысы.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада маса шаққан әйелдің тіл тартпай кеткендігі туралы хабарланған болатын. Әйелдің анафилактикалық шоктан қаза болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750750-astanada-ekpeden-kejin-til-tartpaj-ketken-jeldi-lim-aldyndagy-sureti-zarialandy/

pixel