RU
Жылына 19 мың доллар: Астанадағы ең қымбат ЖОО-да кімнің балалары оқиды?
Жаңалықтар Қоғам

Жылына 19 мың доллар: Астанадағы ең қымбат ЖОО-да кімнің балалары оқиды?

Рассказать Вконтакте

Астаналық бай-бағландар балаларының оқу үлгеріміне ақша аяйтын емес. Олар жылы 19 мың доллардан асатын жоғарғы оқу орындарына балаларын түсіріп әлек. Елордадағы ең қымбат оқу орындарында кімдеп оқиды? Білім ордаларында студенттерге қандай жағдайлар жасалған? NUR.KZ Астанадағы ең қымбат білім ордаларының тізімін жасап көрді.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Астанадағы сән-салтанаты жарасқан оқу ордаларының бірі "Назарбаев" университеті болып табылады. Жоғары оқу орнында ақылы оқу бөлімінің де бағасы шарықтап тұр – бакалавриат жылына 19 мың долларды құраса, магистратура – 30 мың доллардан асып жығылады екен.

Көрнекі фото: wikipedia

Көрнекі фото: wikipedia

Студенттер үшін аталмыш білім ордасында барлық жағдай жасалған. Онда арнайы спорт залдар, кітапхана, демалыс холдары, тіпті шаштаразға дейін бар.

Фото: glassdoor.com

Фото: glassdoor.com

Ал, студенттердің жатақханалары тіптен хан сарайындай әсер қалдырады. Онда әр бөлмеде жеке жуыну бөлмесі, әжетхана, тіпті сабақ қарайтын үстел-орындықтарға дейін бар. Қала тұрғындарының айтуынша, университеттен елордадағы шенді-шекпенділердің балаларын жиі кездестіруге болатын көрінеді.

Фото: Weproject.kz

Фото: Weproject.kz

Елордадағы ауқаттылардың балалары жиі білім қуалайтын келесі бір жоғары оқу орны – Қазақ гуманитарлық заң университеті болып табылады. Мұндағы магистратураның жылдық оқу ақысы – 900 мың теңгені құрайды екен. Тәлімгерлер ЖОО-да заң, халықаралық құқық, қаржы, экономика, аударма ісі және т.б. мамандықтар бойынша білім ала алады. Жоғары оқу орны студенттерге қажет барлық инфрақұрылыммен жабдықталған. Онда демалыс орны, студенттер мен ұстаздарға арналаған жеке-жеке асхана, фитнес-залға дейін бар.

Фото: kazguu.kz

Фото: kazguu.kz

Үш би залы. Фото: kazguu.kz

Үш би залы. Фото: kazguu.kz

Оқу ақысы 850 мың теңгені құрайтын астаналық білім ордаларының бірі – Еуразия ұлттық университеті. Мұндағы халықаралық құқық, экономика, қаржы мамандықтарының бір жылдық бағасы – 850 мың теңгені құрайды. Сол сияқты техникалық мамандықтардың да бағасы 800 мыңға жуық теңгенің айналасында екен. Айта кетерлігі, биыл университтегі оқытушылардың бірі эстрада жұлдыздарының магистратураға грантқа түсіп алып, сабаққа келмейтінін жайып салған еді. Алайда, мұндай келеңсіздіктер ауылдың қарапайым түлектеріне кедергі емес секілді. ЖОО-на түсетін студенттердің басым көпшілігін - жан-жақтан келген ауыл балалары құрайтын көрінеді.

Фото: Vlast.kz

Фото: Vlast.kz

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel