Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында орамалын шешпеген 200-ден астам оқушы қыз сабаққа келмей отыр

Жарияланған күні:

Түркістан облысы Фердаусы ауылында хиджап дауына нүкте қойылар емес. Осы елдімекендегі орта мектептің жоғарғы сыныбында оқитын 200-ден астам қыздың көбі орамалдарын шешпей, сабаққа келмей отыр деп хабарлайды "Евразия бірінші арнасы".

Орамал таққан қыздар. Көрнекі фото: © Flickr/ DMahendra
Орамал таққан қыздар. Көрнекі фото: © Flickr/ DMahendra: UGC

Аймақтағы барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылып, сабақ басталып кетсе, Дердауси атындағы мектепте әлі күнге орамал мәселесі жыр болып жатыр.

Екіжақты айқай-шудан кейін бұл іске полиция араласқан. Сөйтіп, ата- аналар бірер сағаттан соң ғана тарқады.

"Ол жерде біз баланың құқығын таптағанымыз жоқ. Ата-аналарға 17 рет түсіндірілді. 2 рет ескертпе хат қолдарына берілді. Бір рет поштамен берілді. Тамыз айынан бері 12 рет жинадық. Ата-аналарына түсіндіріп жатырмыз", - дейді А. Дердауси атындағы мектептің директоры Жанар Мамырова.

Осылайша, мектеп директоры оқушы қыздардың орамалын шештіре алмай жүр. Былтыр осы мәселе бойынша ата-аналармен талай мәрте жиналыс өткізіліпті. Десе де биыл 372 оқушының тек, 80-ні ғана орамалдарын шешіпті.

Қалғаны келіспей, үйлерінде отыр екен. Мектеп әкімшілігі хаттама түзіп, облыстық білім саласын бақылау департаментіне бұл жағдайды тапсырған.

"Діни мектепте тұрмаймыз, зайырлы қоғамдамыз. Балалардың балалығын ұрламаңыз деп те айтып жатырмын. Қазіргі басына орамалды тартып, өзінің ой-өрісінің барлығын діни бағытта тәрбиелеудің қажеті жоқ", - дейді А. Дердауси атындағы мектептің директоры Жанар Мамырова.

Дегенмен, кей ата-ана мұғалімнің талабын дұрыс түсініп, қызының орамалын шештіріпті. Сөйтіп, мектепке кіруге рұқсат алған. Ал заңға бағынбағандарға білім ұясының есігі тарс жабық.

Фердауси мектебінде 372 оқушы қыз бар. Олардың 203-і жоғары, қалғаны бастауыш сыныптарында оқиды екен. Мектеп директорының сөзіне сенсек, бастауыш сыныбындағы қыздардың барлығы орамалдарын шешкен.

Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Білім және ғылым министрі жақын күндері ол ауылға арнайы жұмыс тобы барып, ата-аналармен жүздесетінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751182-trkistan-oblysynda-oramalyn-sespegen-200-den-astam-okusy-kyz-sabakka-kelmej-otyr/