Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы келесі премьер-министр кім болуы мүмкін?

Опубликовано:

Қазақстанда үкімет ауысады деген қауесет тарағалы қашан. Саясаттанушылар қазіргі таңда үкімет басшысы қызметіне тағайындала алатын екі бірдей үміткердің атын атап отыр деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Otyrar.kz
Көрнекі фото: Otyrar.kz: UGC

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, ел премьер министрі қызметіне біріншіден Асқар Маман тағайындалуы мүмкін екен. Әшімбаевтың сөзіне сенсек, Маминнің үкімет басшысы атанатына барлық әлеуеті жеткілікті көрінеді. Біріншіден ол қазіргі премьердің бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарып жүрсе, екіншіден халық арасында беделі да бар екен.

Саясаттанушы премьерлікке үміткер ретінде көрген екінші адам – Бауыржан Байбек болып отыр.

"Бұған дейін Байбек президент әкімшілігін басқарады деген сөз жүрген еді. Енді оны тіпті үкімет басшысы болуы мүмкін деген әңгіме бар. Меніңше Алматы қаласына қатысты қаншама шу шықса да, ол екі қызметке де әбден лайық", - дейді саясаттанушы.

Өз сөзінің дәлелі ретінде ол президенттің жақында ғана Алматыға барған сапарын айтқан. Оның ойынша, шаһар тірлішілігімен танысып шыққан елбасы, бұл жолы әкім жұмысына оң баға берген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751209-kazakstandagy-kelesi-premer-ministr-kim-boluy-mmkin/

pixel