Биязы түгі де жоқ: Астаналық жігіт шымкенттік қыздар туралы бар шындықты жайып салды
Жарияланған күні:
Астаналық жігіт Шымкентке іссапармен барып, оңтүстіктің қыздары туралы біраз шындықты жайып салды. Айтуынша, Шымкенттің "зың" қыздары да өзге аймақтардағы арулар сияқты ауқатты "ағашкалармен" көңіл көтеріп, темекі шегіп, шарап ішкенді ұнатады екен. Ер азаматтың айтуынша, шаһардың қыздары қазақы әрі биязы болатыны алып-қашпа әңгіме екен. Шынтуайтында шымкенттік арулар "қу әрі тым пысық" болатын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Астаналық Ержан есімді жігіт оңтүстіктегі Шымкентке арнайы іссапармен барған көрінеді. Туғанынан Астанада өскен ол, шымқалаға алғаш рет аяқ бастым дейді. "Шымкентке іссапармен, жұмыс бабымен бардым. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдағандықтан, тобымызда Шымкенттің жігіттері, достарым көп еді. Солар қарсы алып, аяғымды жерге тигізбей күтті. Қонақжайлылықтарына сөзім жоқ, келген қонақты керемет күтеді екен. Сосын басымыз бос, бойдақ болғандықтан, қыздармен танысасың деп болмай түнгі клубқа алып барды. Қызықтың бәрі сонда басталды",-дейді ер азамат.
Айтуынша, Ержанның Астанадан екенін білген қыздар, кеш бойы оның жанынан шықпай қойған көрінеді.
"Бізде оңтүстіктің қыздары керемет биязы, үйден шықпайды, қазақы дәстүрді ұстанады деген пікір қалыптасқан ғой. Соған қатысты айтарым: биязы түгі де жоқ. Басқа аймақтардың қыздары сияқты түнгі клубтарға барады, темекі шегеді, одан қалса шарап ішіп, өз-өздерін ұятқа қалдырады екен. Сосын, басқа жақтың жігіттеріне, әсіресе солтүстік, шығыс, Алматы мен Астананың азаматтары болса, соның айналасынан шықпай, басын айналдырып алуға тырысады екен. Өз басым дәл сондай жағдайдан өттім.
Ойлап қарасам, сонда Шымкенттің қыздарының өзі жергілікті ер-азматтарға тұрмысқа шыққылары келмейді екен. Айтпақшы өте пысық әрі қу болып келеді екен. Мен Шымкенттегі түнгі клуб мен дәмханаларға бірнеше рет бардым. Сонда өзінің әкесімен жасты қыздардың "ағашкалармен" бірге көңіл көтеріп отырғандығын неше рет көрдім.
Әрине, жамандағаным емес, бірақ, Шымкенттің қыздарына таң қалып келдім. Өздерінің дегеніне жету үшін, бәріне баратын сияқты. Оған қарағанда, біз жақтың қыздары аз да болса намысшыл ма деп қалдым. Иә, біздің өңірдің қыздары мінезі тік, суық болуы мүмкін, бірақ олай ұят пен намысты жинап қойып, жігіттерге жабыса кетпейді. Қазір бүкіл оңтүстік өңірі мұны оқып, мені жақтырмай қалатын шығар. Бірақ шындығы сол",-дейді азамат.
Ержанның айтуынша, енді ол тек жергілікті ақмолалық бойжеткенге үйленуге бел буыпты.
"Бұрын туған-туыстан оңтүстіктің қыздары үй шаруасына өте пысық келеді, үйленсең өкінбейсің дегенді көп еститінмін. Бірақ мынадай қыздарды көрдім, шыны керек, ондай ойдан айнып қалдым. Өзіміздің солтүстіктің, орталықтың қыздарына жетпейді, болашақ жарымды осы өңірлерден алсам ба деген ойым бар",-деп әңгімесіна аяқтады жігіт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751386-biazy-tgi-de-zok-astanalyk-zigit-symkenttik-kyzdar-turaly-bar-syndykty-zajyp-saldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 21
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
нең бар түнгі клубқа ьарып,ол жерде оңған адам болушы ма еді,жынойнақтың жері емес па,өзің ойлашы түнгі клубта мəдениеті жоғары,иманды ,салихалы,инабатты қыз отырушы ма еді,қай жақтың түнгі клубында болса да,өзің еркек болсаң да ,сумаңдап қатын құсап бірталай сөз айтып қоятын,сөзің көп бəлесің ау
қыпшақ
иə түнгі клубқа баратын қыздар əйел болып жарытпайды менің қолымда болса бүкіл осы жынойнақты жауып тастаушы ем
қыпшақ
негізі шымкент жақтың қыздарында ерін силау т.б. қазақи жақсы тəрбие жағынан бұрыннан қалыптасқан оған ешкімнің таласы жоқ бірақ өкінішке орай қазіргі жастардың көбі бұзылып барады неше түрлі сұмдықтар осы жақтан шығып жатыр оны мойындау керек
Северянка
"Онтустикте мусылманша тарбие басым" - дегенге келиспеймин! Солтустикте куйеулерин басынбайды айелдер, сыйластык басым, ал онтустикте айелди сыйламайды ау деп ойлаймын. ШЕШЕДЕН БОКТАУ-нагыз надандык жане имансыздык. Биздин жакта боктап корсин аялап осирген шешеден, басын жарады сол жеринде.
Северянка
🤣🤣🤣🤣
Боташкаа
Бес саусақ бірдей деп кім айтты?Аллаға шүкір Оңтүстік жақта қазақилық көбірек сақталған.Сен жақсы болсаң түңгі клубтан жақсы қыз іздейсің бе?Түсініксіз жағдай...
mnamna_2017
Мен Астанада оқыдым. Ол туып өскен жеріңе емес, тәрбие берген ата анаңа байланысты. Оңтүстікте де, солтүстікте де, батысы мен шығыста да, тіпті Америкада да түнгі клубта биязы тәрбиелі қыз жүрмейді. Ал шындығына келгенде, шекаралас ел Ресей болғандықтан, мінез жағынан солтүстіктің қыздары тік, күйеулерін басқарып жүреді. Ал оңтүстікте мұсылманша тәрбие басым. Осыны да ойыңнан шығармағайсың
апатай
Сендер жақтағыдай Шымкенттің қыздары әке-шешесімен,аға-інілерімен,апа-сіңлілерімен бір дастарханда арақ ішіп отырмайды.Қызды қырық үйден тыюдың ең болмағанда жұрнағы бар Шымкенттің қыздарында. Түнгі клубтың аты-ақ айтып тұрған жоқпа түнгі көбелектердің жиналатын жері екенін.Болашақ жар іздейтін жерді тауыпсың.
Северянка
акталмай ак кой, корип журмиз южанкаларды, аракты да ишип, темеки де шегип, акесиндей еркектермен кушактасып!
Berik2601
Я адам бірінші барған жеріне барып сөйлеу керек. Сен әр қалада ондай қыздар барын ұмытпа. Сол барған жеріңдегі әрі кетсе 10-20 қызды көріп 3 милион халықты бар онтустыгымызды жамандама. Таза ақымақсыңғой сен
abdiraymov
Ей Астаналық жігіт. осы Астананы қазақилық салт дəстүрін.тілін-дінін жоғалтпай жатқандығы осы шымкенттіктердің арқасы емеспа. Сендер сол шымкенттіктердің бір тал шашына да арзымайсыңдарғой. Түнгі клубтарда өзіңе құсаған нохалайлар жүретінін есіңнен шығармасай
Қазақтар
Қай жердің түнгі клубына барсаң да, сондай қызға кезігесің! Ал казакта сөз бар, "бір рулы елді бір рулы елге жалғайтын қыз бала"деп, сондықтан оңтүстік пе, солтүстік пе, бәрі де ата-бабаңның жері. Жетесіздігіңді көрсетпе.
Ауеза
не бəле өсек іздеген қатын ұқсап еркексінбе жөнінмен жур, сен өзің қандай жерге бардың? какой привет такой ответ алғансын. тунгі клубқа дені сау адам бармайды демек сенде солардың қатарынансын
Тимурлан
Мен батыстамын, егер сен мешіттин аиналасы немесе кез келген кошеде ішуен шекен қызды көрсен қолдар едім сөзінді.Сен түнгі клупта қандай қыз болат деп ойладын ақымақ.Пиязы қыз түнгі клупқа бармайды.
мақсат
"соқыр тауыққа бәрі бидай" демекші, әрине өзің "нашар жерге" барғансың. түнгі клубтан қазақы кимешек пен сәукеле киген бойжеткенді іздеп бармаған шығарсың?!...
Dondi
Астанада туып өссең, ары кетсе 19 дағы щеголсыңғой. Астананың құрылғаны кеше ғана. Сен әлі ақыл айтатын жаста емессiң. Түнгі клубта еси дұрыс қыз жүрмейтине бәріне белгілі. Саунаға барып айтпадың ба бұл өсегиңди.
Dondi
Астанада туып өссең, ары кетсе 19 дағы щеголсыңғой. Астананың құрылғаны кеше ғана. Сен әлі ақыл айтатын жаста емессiң. Түнгі клубта еси дұрыс қыз жүрмейтине бәріне белгілі. Саунаға барып айтпадың ба бұл өсегиңди.
АлмасАКПП
еркекке жарасатын соз емес
АлмасАКПП
сен биздин солтустик онтустик деп болме казак болсан
АлмасАКПП
сен Шымкенттиктер деп барин каралама, тунги клубта дени сау кыздар журмейди. сен ниетине карай сондай кыздарга жолыккансын
шым
енды келме шымкентке онда
Багира222