Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта ер адам сүйіктісін аяусыз соғып өлтірді

Опубликовано:

Балқашта ішімдіктің кесірінен қайғылы оқиға орын алған еді. Араққа сылқия тойып алған ер адам, сүйіктісін оңбай соққыға жығып, өлтірген. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ysia.ru
Көрнекі фото: ysia.ru: UGC

Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Айтуынша, ол сол күні ішімдікті шамадан көп мөлшерде ішкен екен. Салдарынан себепсізден-себепсіз сүйіктісінің басынан бірнеше рет ұрған. Марқұм оқиға орнында қаза тапқан.

Ер адам артынша пәтерден кетіп қалған екен. Қазіргі таңда ҚК 99 «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1751591-balkasta-er-adam-sjiktisin-aausyz-sogyp-ltirdi/

pixel