Қыдыр ата: Мені жынды деп ойлайтындар көп
Жарияланған күні:
"Қыдыр ата" есімімен атын шығарған Жанарыс Жақсылықұлы тіл-көзден қорқатын болып шықты. Атышулы емші алдына келген жүздеген адамның көзінен қалай қорғанатынын NUR.KZ порталаны айтып берді.
"Күніге қаншама адам келеді. Бәрі де "жазылсам" деп отырады. Сондықтан тіл-көзден сақтанып, қорғанамын. Қолыма күмістен соғылған жылтырақ сақиналар тағамын. Көзіме киген көзәйнегім көз көрмегеннен емес, көзден қорғанғаннан", - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.
Емші өзінің арқасы бар адамдардың ұрпағы екенін де айтты.
"Жасарал Еңсепов менің ағам. Домбыраны әлемге танытамын дейтін. Ертеде аталарымыз нарды иіткен домбырашы болған. Біз жүректерді жібітіп жібереміз.
Көбісі мені жынды деп ойлайды. Мен адамдарға түзету керек мінезін бетіне айтамын", - дейді емші.
Өзін "Қыдыр атаның сүйікті ұлы", ал ем жүргізетін үйін "жұмақ мекеніне" санайтын атышулы емші табиғи апаттар жақындап қалды деген ойда.
"Үш жерде жер сілкінісі болады, табиғатпен соғысамыз, құртып жібереді', - дейді Жанарыс Жақсылықұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751706-kydyr-ata-meni-zyndy-dep-ojlajtyndar-kp/