Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев: Қап-қара боп киінген қазақ қыздарын көргенде жүрегің ауырады

Опубликовано:

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көшеде қара жамылып жүретін қазақ қыздарын көргенде жүрегі ауыратынын айтты. Өңір басшысы ең болмаса етегі ұзын көйлегіне шалынып жүретін кішкентай балалардың тағдырына бей-жай қарамауға шақырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев: Қап-қара боп киінген қазақ қыздарын көргенде жүрегің ауырады
Бердікбек Сапарбаев. Фото: today.kz: UGC
"Әсіресе біздің қыздарымыз... Кейде көшеде келе жатып қап-қара киініп алған қазақтың қыздарын көргенде жүрегің ауырады.

Жарайды өзі, қасындағы 2-3 жастағы кішкентай бала жүре алмай бара жатады. Себебі, баланың табанына дейін жететін көйлек кигізген. Балаларды ойнатпайды.

Бұл XXI ғасырдың балалары, ертең ол балалардың болашағына кім жауап береді? Неге солармен ел болып жұмыс жасамасқа?! Билік жасайды, бірақ бірігу керек.

Тағы бір мәселе балаларды мектепке жібермеу немесе мектеп формасының тәртібін бұзу. Неге мұндай жағдайлар бізде көп? Осыған ойлануымыз керек.

Әрі қарай көбейтпеу үшін не істеуіміз керек?! Балаларға екпе жасатпаудан да Ақтөбеде ең көп адам бар. 2500 бала егілуден бас тартып отыр. Негізінен олардың ата-аналары теріс діни бағытта жүрген адамдар", - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы жат ағымда жүргендердің тауып берген жұмыстан бас тартатындарын да айтты.

"Бас прокуратурамен қауіпсіздік акциясын өткізудегі мақсатымыз бізге керек емес діндерді қалыптастырмау. Дәстүрлі емес дінде жүрген жастармен жұмыс жасау.

Осы екі жылдың ішінде 530 мыңға жуық адаммен жұмыс жасадық. 16 мыңға жуық адамға нақты көмектер көрсетілді.

Алдағы уақытта да әрқайсысымен жұмыс жасалады. Негізгі міндетіміз оларды жұмысқа орналастыру. Өкінішке орай, көпшілігі жұмысқа орналаспайды", - дейді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752494-saparbaev-kap-kara-bop-kiingen-kazak-kyzdaryn-krgende-zregi-auyrady/

pixel