jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы облысында әйелін де, көңілдесін де қимаған ер адам өмірімен қош айтысты

: UGC

"Жетінші арнадағы" "Өз ойым" бағдарламасына хабарласқан оқырман басынан өткен оқиғасын айтып берді. Үш балалы әйелдің айтуынша, бөтен әйелмен көңіл қосқан күйеуі бала-шағасын да, көңілдесін де қимай, өмірімен қош айтысқан деп жазады NUR.KZ.

Алматы облысында әйелін де, көңілдесін де қимаған ер адам асылып қалды
Көрнекі сурет: Svadbagoda.org: UGC

Наргиз Ж. есімді Алматы облысының тұрғыны күйеуі арадағы үш баланың барына қарамастан өзге әйелмен көңіл қосып, оны тастай алмайтын халге жеткен.

"Алматы облысынан хабарласып отырмын. Күйеуіммен бірге алты жыл тұрдым. Қазір ол қайтыс болып кетті. Ортаға қыз түсті. Сол қызды қимады. Менен үш баласы бар. Мені де қимады. Басын оқытып алды ма екен, әйтеуір шыдай алмай асылып өліп қалды", - дейді әйел.

"Мен біліп қойған кезде айттым: "Шынымен жақсы көріп тұрсаң, сезімің болса бара ғой, дедім. Ал сезімің болмаса, неғыласың ондайларды дедім. Екі жыл күрестім, ол қызбен де сөйлестім. Біздің балаларымыз бар, арамызға түспе дедім. Алайда ол мені тыңдамады. Қыздың әке-шешесімен де сөйлестім. Олар да менімен келіспеді. Қызымыз тұрмысқа шығуы керек деді", - деп басынан өткенін айтып берді келіншек.

Келіншек күйеуінің неліктен асылып қалғанын білмесе де, ол бұл әрекетке амалсыздан барды деген ойда.

Ал психологтың айтуынша, ер адамның ондай жағдайға баруы өте сирек кездесестін жағдай. Сонымен бірге, ол қазіргі таңда егде жастағы ер адамдармен көңіл жарастырып, оның көңілдесі болуға дайын жас қыз-келіншектердің саны да артқанын ашық айтты.

Алматы облысында әйелін де, көңілдесін де қимаған ер адам өмірімен қош айтысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.