RU
Алматылық әйел 6 жасар сіңлісін зорламақ болғандар туралы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық әйел 6 жасар сіңлісін зорламақ болғандар туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының редакциясына Алматы қаласының тұрғыны Светлана Китченко хабарласып, екі күн бұрын 6 жасар сіңлісін зорламақ болғандар туралы баяндап берді. Айтуынша, көшеден өткен жолаушы азаматтар көмектесіп, қызды үлкен қайғыдан құтқарып қалған.

Көрнекі фото/newstracker.ru

Көрнекі фото/newstracker.ru

Светлана Китченко айтып берген оқиға 11 қыркүйек күні ШҚО Үржар ауылында, күндізгі уақытта орын алыпты. Оның алты жасар жиен қызы мектептен келген соң сәкіде отыра тұруға шыққан.

Әйелдің сөзіне сүйенсек, осы уақытта балақайдың жанына белгісіз азамат жақындап, үйімді таба алмай жүрмін деп көмек сұраған.

Қыз бала алғашында оған көмектесе алмайтынын айтқанымен, арам пиғылды ер адам оны бәрібір айтқанына көндіреді. Осыдан кейін баланың қолынан қатты қысып алып, оны тоғайға қарай алып барады. Кішкентай ару үйіне қайтқысы келгенімен, ересек кісі оны жібермей қойыпты.

Ал тоғайға жеткен соң, ер азамат толықтай шешініп, қызды да шешіндірген көрінеді.

«Ол қызды гүлзарға жатқызып, өзі үстіне жайғасып алған. Сіңілім қатты қорқып кеткендіктен көздерін жұмып алып, айқайлай бастапты.
Абырой болғанда, қыздың даусын көшеде өтіп бара жатқан екі азамат естіп қалып, көмекке жүгіріп келеді. Соның арқасында қылмыскер құрықталып, қайғылы жағдай орын алған жоқ", - дейді Светлана Китченко.

Кейінірек анықталғандай, күдікті азамат 1985 жылғы екен. Ол бұрынырақ та осыған ұқсас жағдайда қамалған көрінеді.

Светлана енді ол азаматты бостандыққа жібере салады ма деп қорқып отыр.

«Полицейлер оны сот отырысына дейін қамап отырудың маңызы жоқ дейді. Себебі сіңілім оны жалаңаш күйде көргенін сөзбен айтып түсіндіре алмайды.

Ол қатты шошынып кеткендіктен, көзін жұмып алған. Енді бұл тәртіпсіз адамды бостандыққа жібере салуы мүмкін. Оның сот отырысына дейін тағы не бүлдірерін кім білсін?", - дейді Светлана Китченко.

Қыздың туыстары күдіктінің қылмысы толық дәлелденіп, тиісті жазасын алады деп сенеді.

NUR.KZ порталының тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ШҚО ІІБ-ге сұраным хат жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
7
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel