Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сексуалды көрінеді": Астаналықтар жаңа арт-объектілерді күлкіге айналдырды

Опубликовано:

Астананың ескі алаңында жаңадан пайда болған арт-объектілерді көрген тұрғындар олардың қандай мақсатпен қойылғанын түсіне алмай әлек болуда. Астаналықтардың бірі оларды "сексуалды объектіге" ұқсатса, екіншілері - үйректен айнымайтынын айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Жастар сарайының жанында орналасқан күлгін-жасыл түсті бұл объектіні астаналықтар айналдырып қараса да, негізгі мағынасы қандай екенін таба алмаған.

"Автордың осы жұмысы арқылы нені ұғындырғысы келгенін біле алмадым", "Осы ескерткішті көрсем, ойыма ыңғайсыз дүниелер түседі", "Бұл үйрек қой. Бірақ оның артында жабысып тұрған не екенін түсіне алмадым", "Сексуалды көрінеді. Екі объекті өте жақын достарға айналған секілді".

"Алматыдағы тиіннің идеясы жақсы болған секілді", "Бұл жерде екі үйрек орналасқан. Бірақ олардың әрекеті тек теріс ойларға жетелейді" деді тұрғындар.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Арт-объекті Астана төрінде жайдан-жай орналаспаған болып шықты. 15 қыркүйек пен 10 қазан аралығында елордада "Astana Art Show" атты көрме өтпек. Аталмыш шарада шығармашылық тұлғалар қала халқына өздерінің жұмыстарын таныстырмақ.

Фото: Сырлыбек Бекботаев
Фото: Сырлыбек Бекботаев: UGC

Айта кетейік, елдің таңданысын тудырған бұл объект "Объект 0027" деп аталады. Оны шымкенттік Сырлыбек Бекботаев есімді суретші орындап шыққан.

"Шығармашылық тұлғалар өз жұмыстары арқылы адамдарға қоғамдағы өзекті мәселелерді түсіндіргісі келеді. Алайда мен олай жасамадым. Тек адамдардың менің жұмыстарымды тамашалау арқылы ләззат алуына жағдай жасауға тырыстым. Сондай-ақ ол объектіден әркім өзінің ой дәрежесіне байланысты ой түйеді", - деді объекті авторы.
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

"Astana Art Show" атты көрмеде тек Бекботаевтың жұмыстарынан бөлек әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған оншақты автордың еңбегін тамашалай аласыздар.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753216-seksualdy-krinedi-astanalyktar-zaa-art-obektilerdi-klkige-ajnaldyrdy/

pixel