jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Айсәуле Бақытбек есірткіге тәуелді болып қалған құрбылары туралы ашық айтты

    : UGC

    Продюсер Баян Алагөзованың қызы есірткі пайдаланатын құрбылары туралы айтты. Оның айтуынша, ол құрбылары есірткі сатып алып жатқан кезде бірнеше рет жанында болып, барлығын өз көзімен көрген. Бұл туралы Айсәуле өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты деп жазады NUR.KZ.

    Еліміздегі есірткіге тәуелді жандардың проблемасын көтерген продюсердің қызы өзінің өмірінің кейбір тұстарын да ашып көрсетті. Айтуынша, оның құрбысының есірткіге тәуелді болып қалғаны оның жанына қатты батқан.

    Тіпті ол құрбысының тәуелділігі туралы мүлдем білмегенін және естігенде қатты таңғалғанын айтты.

    "Мен есірткіні қайдан алуға болатынын білемін. Оны сатып алып жатқан кезде талай рет куә болғанмын. Көп жылдан бері жақсы танитын адамдар көз алдымда өзгеріп сала бергенін де көргенмін. Олар өзгеріп, маған түсініксіз күйге түсетін. Есірткі алу үшін көп ақша керек деген пікір де өтірік. Оған қол жеткізу үшін ақша да, таныстар да, миллиондар да қажет емес. Дәріханаға кіріп, өзіңізге қажетті дәріні сұрасаңыз жеткілікті. Кейде дәрігердің қағазын жоғалтып алдым немесе ұмытып кеттім десеңіз жеткілікті.

    Ең қорқыныштысы, ата-аналар баласының есірткіге тәуелді екенін білмей жүре береді. Тәуелді адамдармен көп жылдан бері араласып жүріп, олардан ешнәрсені байқамағанмын.

    Құрбыларымның бірі дәріханада сатылатын есірткіге тәуелді болған кезде қатты таңғалдым. Бірақ ол ғана емес, таныстарымның көп бөлігі бұл нәрсені пайдаланатынын білгенде, шара қолдану керек екенін түсіндім. Жақындарының мұндай тәуелділігіне куә болғандар оларды қорқытып-үркіту арқылы қойдыру мүмкін емес екенін біледі", - деп жазды ол.

    Айсәуленің бұл жазбасы желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі оны батыл қадамы үшін мақтап жатса, екіншілері шындықты елге жайып салғанына қынжылып, наразылық танытты.

    Айсәуле Бақытбек есірткіге тәуелді болып қалған құрбылары туралы ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.