RU
"Скрипканы жек көрем": Жәмилә Серкебаева өз өмірі туралы ашық сұхбат берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Скрипканы жек көрем": Жәмилә Серкебаева өз өмірі туралы ашық сұхбат берді

Рассказать Вконтакте

Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева Good Housekeeping журналына ашық сұхбат беріп, өзінің отбасы, ұлы және қандай ене болатыны туралы айтып берген деп жазады NUR.KZ.

Жәмилә Серкебаева. Фото: Good Housekeeping

Жәмилә Серкебаева. Фото: Good Housekeeping

Скрипкашының айтуынша, кез-келген отбасында ер адам әйеліне қарағанда көбірек ақша табуы керек.

Шығармашылық адамы өзінің өнердегі жетістіктеріне қарамастан, ұлы Шамильге музыкалық білім алуды міндеттемепті. Себебі ол музыка туралы ешнәрсе естігім келмейді деп турасын айтқан көрінеді. Жігіт қазір гитарада ойнап, өлеңдер шығарғанымен, музыка мектебін бітірмеген дейді ол.

Алайда скрипкашы баласының айтқанына көніп, оны музыкаға баулымағанын қателік деп санайды. Себебі оның ынтасын ашу үшін жақсы ұстаз бен ата-ананың табандылығы қажет дегенге сенеді.

"Оны мәжбүрлеп оқыту керек еді, ал біз олай жасамадық. Мәселен мені мәжбүрлейтін, жазалайтын, ынталандыратын... Бірінші сыныпқа барғаннан кейін, екінші жылы-ақ скрипканы жек көрем деп айтатынмын", - дейді Жәмилә Серкебаева.

Жұлдыздың сөзіне сүйенсек, оның музыкаға деген махаббаты тек сегізінші сыныпта ашылған. Ал оған себеп болған ұстазы Хесс Вениамин Соломонович екен.

Жәмилә Серкебаева ұлымен. Фото: Instagram

Жәмилә Серкебаева ұлымен. Фото: Instagram

Сөз соңында Жәмилә болашақта өзінің қандай ене болатынын да жасырмай айтты.

"Алдын ала ойланып әрекет ететін ниеті түзу, күйгелек және тез басылатын, еркелететін және ұрыстаын ене боламын. Бастысы, қыздың көрген тәрбиесі ұлымның тәрбиесімен сәйкес келсе болғаны", - деп қорытындылады ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel