RU
Данэлия Төлешова "Junior Eurovision" байқауында Қазақстан намысын қорғамақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Данэлия Төлешова "Junior Eurovision" байқауында Қазақстан намысын қорғамақ

Рассказать Вконтакте

22 қыркүйек күні Алматыда республикалық "балалар Евровидениесінің" ақтық сыны болып өтті. Минскіде өтетін халықаралық байқауға қатысып, ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін аса дарынды он балақай бақ сынасты деп жазады NUR.KZ.

Республикалық байқаудың финалистері тікелей эфирде өз әндерін алғаш рет шырқады. Ауқымды іс-шара бір жарым сағат бойы "Halyk Arena" алаңында болып өтті.

Айта кетерлігі, балақайлар сахнаға шығып тек қана әндерін ғана айтып қоймай, сондай-ақ нағыз кәсіби әртістерге сай шоу жасады. Алаңға жиылған көпшілік әрбір шырқалған әннен кейін өз қошеметтерін аямай отырды.

"Балалар Евровидениесіне" ел атынан бір-ақ бала бара алатын болған соң, оны әділқазылар алқасы мен қазақстандықтардың дауыс беру көрсеткіші арқылы анықтады.

Ең көп дауыс жинаған әнші болып Данелия Төлешова табылды.

"Мен қатты қуаныштымын. Бүгін біз ерте тұрдық. Әдетте ерте тұрған күндері мен қатты шаршаймын. Бірақ бүгін ондай сезім бойымда мүлде жоқ.
Мен қолымнан келгенннің барлығын істедім. Қатты қобылжыған кезде үнемі қалағанындай ән сала алмайсың.
Маған аянбай дауыс берген әрбір жанкүйеріме алғысым шексіз" , - деп айтты Данелия.

Ел сүйіктісіне айналып үлгерген әнші екінші орын иегерін 946 дауысқа басып озған.

Жеңімпаз қыз Seize the Time әнін орындап жеңіске жетті. Енді ол бұл әнді Мнискіде өтетін халықаралық додада шырқамақ.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
2
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel