Елімізде өзінен үлкен әйелдерге үйленетін жігіттер көбейіп кеткен
Жарияланған күні:
Қазақстанда жасы келген келіншектерге үйленетін жігіттер көбейіп кеткен. Мамандардың айтуынша, 2018 жылы мұндай жанұялардың саны 25 пайызға артқан деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Өзінен 5-10 жас үлкен әйелмен отбасы құрып жатқан жігіттердің саны көп екенін АХАЖ бөлімі де растап отыр. Олар бұл көрсеткіштің күн санап артып келе жатқанын да айтады.
Осы мәселеге қатысты өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы да пікір білдірген.
"Шынымен мықты жігіт табу қиын. Мен көбінесе жігіттердің мінезіне қараймын. Маған көп сөйлейтін, өзінше бір күлдіргісі келетін, дабырлап қалған жігіттер ұнамайды. Өкінішке орай, ондай жігіттер аз. Кіп-кішкентай бала ғой деп өзім айтып алдым да, бірақ келіп істеп жатқан істері, айтып жатқан сөздерінің барлығы жұрттар 85-87 айтып жатыр да, солардан кем емес", - дейді Мереке Бауыржанқызы.
Ал отасқандарына сегіз жыл болған Асқарбек Есенқайыр мен Әсемгүлдің қазір екі баласы бар. Жарының жасы Асқарбектен үлкен болғанымен, бұл олардың бірге болуына еш кедергі келтірмепті.
“Басында енді қарсы болды ғой, сосын үйленіп бала болғаннан кейін. Ешкімді тыңдамайсың. Бақытты болсаң болды деді”, – дейді қала тұрғыны Асқарбек Есенқайыр.
Бұл мәселеге қатысты әлеуметтенушылардың пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі бұл махаббаттың белгісі екенін айтса, екіншілірі еркектердің жауапкершілктен қашып, дайын нәрсеге қол жеткізуге тырысуы деп түсіндіреді.
Бұл тұрғыда қоғам белсендісі Асылгүл Әбіш те өз пікірін айтты. Оның пайымдауынша, жанұяда жігіттің жасы қыз баладан үлкен болғаны абзал.
“Қазір қоғамда ажырасу көп, жиі болып жатыр. Жас азаматтар, өзінен жасы үлкен әйел баласына үйленсе. Ақыл тоқтатқан, байсалды қызығушылығы бар шығар. Ал негізі әйел адам жасы кіші, ер адамды үлкен болу керек қой” – дейді қоғам белсендісі Асылгүл Әбіш.
2017 жылы мұндай жұптардың 10 пайызы некелерін қиған. Ал үстіміздегі жылдың соңғы тоғыз айында жасы үлкен әйелдерге үйленген жігіттер 25 пайызға жетіпті.
Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754904-elimizde-zinen-lken-jelderge-jlenetin-zigitter-kbejip-ketken/