Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Итінің киіміне 500 еуро жұмсайтын қазақ жазушысы аста-төк өмірі туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Бүгінгі күні ер мен әйелдің арасындағы күрделі проблемаларды қозғап, элиталық ортаның аста-төк өмірі туралы кітап жазумен айналысатын заманауи жазушы Аян Құдайқұлова NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді.

Ақсүйектер өмірі: Қазақ жазушысы ағылшын байлары тарту еткен әшекейлерін көрсетті
Аян Құдайқұлова бағалы киімдері мен сөмкелерін көрсетуде/скриншот видеодан алынды: UGC

Құны бір үйге татитын қымбат әшекейлері мен әлемдік сән үйлерінің бағалы киімдерін ғана киетін жазушы елге жан сырын ақтарды.

Ақсүйектер өмірі: Қазақ жазушысы ағылшын байлары тарту еткен әшекейлерін көрсетті
Аян Құдайқұлова сүйікті итімен/скриншот видеодан алынды: UGC

Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, ағылшындардың элиталық ортасымен аралас-құралас болған ол қазіргі күні ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарды зерттеумен айналысып келеді. Осы тақырыпта кітаптар жазып, тоқалдар мәселесіне де айрықша көңіл бөледі.

Ақсүйектер өмірі: Қазақ жазушысы ағылшын байлары тарту еткен әшекейлерін көрсетті
Алмаз тасты әшекей таққан жазушының иті/Скриншот видеодан алынды: UGC

Сұхбат барысында Аян Құдайқұлова құны бір үйге татитын бағалы тасты әшекейлері мен ешкімде жоқ эксклюзивті заттарын көрсетті.

Ақсүйектер өмірі: Қазақ жазушысы ағылшын байлары тарту еткен әшекейлерін көрсетті
Жазушының бағалы тасты әшекейлері/скриншот видеодан алынды: UGC

Сонымен бірге, ол қалталы жарының артынан жүгіріп, оның көңілдесі болғысы келген қыздардың өте көп болғанын да айтты.

Ақсүйектер өмірі: Қазақ жазушысы ағылшын байлары тарту еткен әшекейлерін көрсетті
Жазушының әшекейлері/Скриншот видеодан алынды: UGC

Жазушы ақсүйектер ортасындағы тоқалдардың ауыр тағдыры мен бәйбішелердің мұңды өмірі туралы сыр шертті.

Жазушының қалталы күйеуі мен қыздары туралы Oybay Life бағдарламасының толық нұсқасынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754908-itini-kiimine-500-euro-zmsajtyn-kazak-zazusysy-asta-tk-miri-turaly-ajtty-video/

pixel