Итінің киіміне 500 еуро жұмсайтын қазақ жазушысы аста-төк өмірі туралы айтты (видео)
Опубликовано:
Бүгінгі күні ер мен әйелдің арасындағы күрделі проблемаларды қозғап, элиталық ортаның аста-төк өмірі туралы кітап жазумен айналысатын заманауи жазушы Аян Құдайқұлова NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді.

Құны бір үйге татитын қымбат әшекейлері мен әлемдік сән үйлерінің бағалы киімдерін ғана киетін жазушы елге жан сырын ақтарды.

Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, ағылшындардың элиталық ортасымен аралас-құралас болған ол қазіргі күні ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарды зерттеумен айналысып келеді. Осы тақырыпта кітаптар жазып, тоқалдар мәселесіне де айрықша көңіл бөледі.

Сұхбат барысында Аян Құдайқұлова құны бір үйге татитын бағалы тасты әшекейлері мен ешкімде жоқ эксклюзивті заттарын көрсетті.

Сонымен бірге, ол қалталы жарының артынан жүгіріп, оның көңілдесі болғысы келген қыздардың өте көп болғанын да айтты.

Жазушы ақсүйектер ортасындағы тоқалдардың ауыр тағдыры мен бәйбішелердің мұңды өмірі туралы сыр шертті.
Жазушының қалталы күйеуі мен қыздары туралы Oybay Life бағдарламасының толық нұсқасынан көре аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754908-itini-kiimine-500-euro-zmsajtyn-kazak-zazusysy-asta-tk-miri-turaly-ajtty-video/