RU
Ақтаулық азамат үш баласының анасын өлтіру үшін 50 мың теңгеге адам жалдаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулық азамат үш баласының анасын өлтіру үшін 50 мың теңгеге адам жалдаған

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық келіншек өзінің бұрынғы күйеуінен әлі күнге қоқан-лоққы көріп келеді. Ер адам үш баласының анасын өлтіру үшін 50 мың теңгеге адам жалдаған деп хабарлайды "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айнұр Ілиясова. Фото: "Пендеміз ғой" бағдарламасынан кадр

Айнұр Ілиясова. Фото: "Пендеміз ғой" бағдарламасынан кадр

Айнұр Ілиясова басынан өткен ауыр тағдырын жылап отырып, баяндап берді.

"Жиі зорлық-зомбылық көрсетіп, қол көтеретін. Алғашқы жылдары ата-енемізбен бірге тұрғанда ұрмайтын. Алайда бөлек шыққан соң, күнде ұрыс-керіс басталды. Үшінші балаға аяғым ауыр кезде оның өзгермейтінін біліп, ажырасуға бел байладым.

Үшінші сәбиімді ажырасқан соң босандым. Содан ол соңымнан қалмай, "Мен сені өлтіріп кетемін. Қол-аяғыңды сындырып кетемін. Ешкімге керек болмай қалсаң, сол кезде мен сені бағамын" деп айтатын. Бірақ мен мән бермедім. Мен жоқта үйге келіп, құжаттарды алып кетеді. Кілтті алып кетеді. "Өлтірем" деп қорқытады.

"Өміріңнің құны 50 мың теңге. Кез келген адамды жалдаймын" дейтін. Бір рет түрмеде отырып шыққан жігітті жалдаған. Ол мені бір ай бойы аңдып, бәрін біліп алған. Содан 23 сәуір күні менің соңымнан түскен. Содан бетіне маска киген жігіт "Айгүл" деді. Мен қараған сәтте сол бетімнен ұрып, қашып кетті. Содан полиция шақырдым да, бірден арыз жаздым.

Бірден күдікті ретінде күйеуімді көрсеттім. Одан басқа менде жау жоқ. Бір-екі күннен кейін мені ұрған адам ұсталды. Ол бәрін мойындап, күйеуімнің айтуымен ұрғанын жасырмады. Сосын қылмыстық іс қозғалды. Алайда екі айдан кейін ол істі тергеуші жауып тастады. Менің қолымдағы барлық дәлелге қарамастан, аппеляциялық сотта да бұл іс жабылды", - деген Айнұр оның қылмыстық жауапкершілікке тартылу керектігін айтты.

"Мен оның бақытты болғанын қалаймын. Басқа әйел алсын, үй болсын. Өйткені, менің балаларым ертең әкесіне қарап бой түзейді. Бірақ, ол қазір жауапкершілікке таратылмаса, мені өлтіріп кетуі де мүмкін. Мен өлсем, менің үш балам кімге керек?Үкіметке де, туыстарға да керек емес қой. Қазір осы оқиғадан кейін 4 ай болды мазаламайды. Өйткені, мен әлеуметтік желі арқылы шу көтердім. Осыдан кейін барып ол Қостанайға көшіп кетті. Алайда жауапкершілікке тартылмаса, ол қайта бастауы мүмкін", - деп жан сырын ақтарды келіншек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
25
39
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel