Төлешовтің хан сарайындай үйін қайта жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге қажет
Жарияланған күні:
Тоқтар Төлешовтің тәркіленген бір коттеджін қайта жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге бөлінуі қажет. Себебі, әкімшіліктің қарауына өткен ғимарат күннен-күнге ескіріп бара жатыр екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Тоқтар Төлешовтің бір үйі қазір көркем сурет мектебі болып тұр. Онда 500-ге жуық бала өнердің жеті түрін меңгеріп жүр екен.
Ал, олигархтың екінші коттеджінің қараусыз бос тұрғанына біраз уақыттың жүзі болыпты. Ол "сарай" да көркем сурет мектебіне берілгенімен, коттеджді қайта жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге қажет екен. Бөлінген қаражат күрделі жөндеу жүргізу мен мұғалімдердің айлығына,олардың штат бірлігіне, сондай-ақ, жиһаздар сатып алуға кетеді деп жоспарланып отыр.
Тоқтар Төлешовтің аталған үйі хан сарайына ұқсас. Онда өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері мен сарқырама, қымбат жиһаздар да бар болып шыққан. Ең қызығы, үйдегі барлық қызмет тек пультпен басқарылыпты.
Алайда, ұзақ уақыт күтім жасалмағандықтан, өсімдіктер қурап кеткен. Осы уақытқа дейін судың қарызы төленбегендіктен, су құбырын да үзіп тастаған екен.
Қазір Тоқтар Төлешов Шымкенттегі түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатыр. Ал оның жанұясы қайда тұрып жатқаны белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755510-tlesovti-han-sarajyndaj-jin-kajta-zndeuge-budzetten-30-mln-tege-kazet/