RU
Шымкентте жеткіншекті подъезде зорламақ болған азғын сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жеткіншекті подъезде зорламақ болған азғын сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте елді дүр сілкіндерген баланы зорлау оқиғасы бойынша педофилдің кінәсі сотта толығымен дәлелденді. Балаға азғындық көрсеткен 33 жастағы айыпталушыны судья 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

лаура

Көрнекі фото: fakty.com.ua
Source: UGC

Педофилдің ісі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Қылмыстық істі қараған судья Әбинұр Қарабаевтың мәліметінше, айыпталушының қылмысы толығымен дәлелденген.

Күдікті азамат сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, бірақ жеткіншекті зорлап үлгермепті.

21 қыркүйек күні ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен («Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге сотталды.

Еске салайық, Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай 2018 жылдың шілде айында көпқабатты үйдің подъезінде болған еді. 

Күдікті азамат алдымен есікті жауып, баланы бұрышқа тақап ұрып-соғып, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасапты.

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Абырой болғанда баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы әйел подъезге кіріп, ер азаматты қуып шығыпты.

Ең һкініштісі, жеткіншектің әкесі бұл жағдайдан кейін араға бір апта салып қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel