jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген астаналық әйел ұсталды

    : UGC

    Астана қаласында эскорт-қызметін ұйымдастырған азаматша тұтқындалды. "Жеңгетай" болған әйел Өзбекстан азаматшаларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл жайында Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған

    NUR.KZ

    хабарлайды.

    Астаналық әйел шетелдік қыздарды жезөкшелікпен айналыстырған
    Көрнекі фото: Photographee.eu: UGC

    Тергеу барысында 40 жастағы азаматшаның сексуалды қызмет көрсету бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.

    Ол шетелден келген қыздардың төлқұжаттарын тартып алып, оларды мәжбүрлі түрде жезөкше атандырған.

    "Біздің төлқұжаттарымызды тартып алды. Ақша бермейтін. Күніне 17 мың теңге табасыңдар деген шарт қойды", - дейді жәбірленуші қыздардың бірі.

    Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 8 төлқұжат табылды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматшаларына тиесілі болып шықты.

    Қазіргі таңда жапа шеккен қыздар жекеменшік қорға жеткізіліп, оларға тиісті көмек көрсетілуде.

    Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген астаналық әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.