RU
Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында қазақстандық шенеуіктерді сынға алды. Елбасы олардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген. Егер бұлай жалғаса берсе, президент отандық шенділердің орнына шетелдіктерді жалдайтынын қадап айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 7kun.kz

Фото: 7kun.kz

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев шенеуніктерге: Шетелдік киімдеріңді шешсе-жалаңаш қаласыңдар>>

Назарбаев ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды>>

Назарбаев коммуналдық төлемдер жайлы: Адамдар ақшаның қайда төлеп жатқанын білмейді>>

"Солтүстік Қазақстанда Зенченко шаруашылығы барлығын өсіріп шығарады. Солтүстік Қазақстанда! Оларда қажетті көкөністер: картоп, сарымсақ, қызанақ және тағы да басқалары. Бізде жер де, мамандар да жеткілікті. Қолға алайық!" , - деді мемлекет басшысы.

Оған қоса, президент елімізде көпті көргендерді ауыл шаруашылығы саласына тарту тәжірибесін қолға алу керек екенін айтты.

"Сингапур кезінде зейнетке кетіп қалған жапондықтарды басшылық қызметке тағайындау үшін бүкіл әлем бойынша іздеді. Ал бізде? Air Astana-ны ағылшын, Назарбаев университетін жапон азаматы басқарып отыр.
Егер жөнді жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелден адам аламын" , - дейді Назарбаев.

Елбасы тәжірибені интернеттен-ақ қарап, болмаса гетелдік мамандарды мастер-класстарға шақыртып алуға болатынын жеткізді.

"Қандай қиындық туындауда? Шақырыңдар да, төлеңдер. Жаппай білім алу жүйесін құруымыз керек. Алдағы үш жылға үкіметке осы мақсаттарға қол жету үшін және ғылым саласына қосымша 100 млрд теңгені қарастыруды тапсырамын" , - деді президент.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel