RU
Ақтөбелік келіншекті 26 жыл бұрын тастап кеткен баласы іздеп барды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік келіншекті 26 жыл бұрын тастап кеткен баласы іздеп барды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Мейірім" әлеуметтік орталығында тұрып жатқан Серік Аманжолов ана мейірімін аңсап жүр. 26 жастағы жігіт кішкентай кезінде тастап кеткен анасын іздеп тапқан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: piter-trening.ru

Фото: piter-trening.ru

"Мен кішкентай кезімнен балалар үйінде тәрбиелендім. Кейін бізді Жайсаңға жіберді. Одан кейін қалаға келдік. Сөйтіп жүргенімде анамды таптым. Ол кісі 41 разъезде тұрады екен. Іздеп те бардым. Бірінші күні барғанымда көп сөйлесе алмадық. Екінші күні барғанымда есігін ашпады. Тек есіктің артынан: "Мен сені танымаймын, келме" деді. Интернет бойынша іздегенімде мекен-жай, фамилиясы бәрі сәйкес келіп тұрды. Ол адамға тағы да барып көргім келеді. Әр бала үшін ананың қасынан артық жер жоқ",-дейді Серік Аманжолов.

Серік әлеуметтік орталықта 28 жасқа дейін ғана тұра алады. Баспана алу үшін жинап жүрген қаражаты да бар. Жаңа өмірді анасының қасында бастауды армандайды.

"Анама барып "бірге тұрайық" деп айтқым келеді. Кездескенде оны айтуға мүмкіндік болған жоқ. Өзім жұмыс жасаймын. Тұрғын үй жинақ банкіне аздап ақша жинап жатырмын,-дейді Серік Аманжолов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
8
0
5
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel